Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-19
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Соғыс болып жатқанда қалай естен адаспауға болады?

111

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың психологиялық жай-күйі туралы психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ “коммуникативтік дағдылар және медициналық психология” кафедрасының меңгерушісі Фатима Багиярова айтып берді.

Стресстің әсері

— Фатима Арыстанқызы, психикалық денсаулық ұғымы дегеніміз не және ол неге байланысты? Егер адам психологиялық тұрғыда көмек қажет етсе кімге баруы керек, психологқа ма, әлде психиатрға ма?

— Қазір психикалық денсаулық тақырыбы бұрынғыдан да өзекті. Соңғы екі жылда COVID-19 пандемиясы бәрімізге ұзаққа созылған психикалық жарақат әкелді. Қаңтар оқиғалары, Украинадағы соғыс психикалық жағдайымызға әсер етті, біз тағы да күйзеліске ұшырадық. Әртүрлі сезімдерді бастан кешіреміз — қорқыныш, толқу, алаңдаушылық, қайғы. Менің өзім, мысалы, Украинадағы оқиғалар туралы естіген сәтте жүрегім қысылып, қорқыныш сезіндім. Мен, көпшілік сияқты, бейбітшілікті қалаймын.

Психикалық денсаулық туралы айтқан кезде, ең алдымен, адамның қиын жағдайларда өзін қалай ұстайтыны туралы айтамыз. Күн сайын біз стресстің әр түрімен бетпе-бет келеміз. Жұмыстағы қиындықтар немесе жұмыссыздық, отбасылық өмір, бала туу, жаңа адамдармен кездесу — мұның бәрі біздің психикалық жағдайымызға әсер етеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысында: “денсаулық — бұл ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы” делінген.

Біз ауруға ұшырасақ та толық өмір сүре аламыз. Біздің психикалық компонентіміз кез-келген жағдайда бейімделуге көмектеседі.

Психикалық денсаулығымыз тұрақсыз немесе бұзылғанын қалай түсінуге болады? Мінез-құлқымыз арқылы. Бұл ішкі немесе сыртқы жанжалға қарамастан, өзімізбен немесе біреумен келісімге келе алатындай сындарлы болуы керек. Алайда кейде ашу, агрессия, өзін-өзі айыптау сияқты түрінде көрінетін деструктивті болуы мүмкін. Бұл өзімізге де, басқаларға да кері әсер етеді. Нәтижесінде депрессия, тәуелділік, шамадан көп тамақтану түрінде көрінетін өз-өзіңді жою түрінде немесе жанжал түрінде көрініс табады.

Жабырқаудың үш деңгейі

— Біздің психикамыз әрдайым шешім таба бермейтінін түсіну керек. Жеңіл жағдайларда бұзылған психикалық денсаулықты өздігінен түзетуге болады. Проблемаларымызбен туыстарымызбен және достарымызбен бөліскен де көмектеседі. Бірақ таңдау қиындығы, алаңдаушылық, толқу немесе шешілмеген дилемма сияқты айқын уайымшылдық болған жағдайда психологпен кеңескен дұрыс.

Алайда үрей, паникалық шабуыл, обсессивті ойлар, ұзаққа созылған депрессия, сияқты тұрақты жабырқау орын алса психотерапевт көмекке келеді. Жеке психотерапия немесе дәрі-дәрмектермен емдеу қажет болуы мүмкін

Ауыр жағдайларда, психикалық ауру қатты білініп, айналадағы адамдарға да көріне бастаса — адам кенеттен тым агрессивті, “біртүрлі” немесе, керісінше, жабылып қалса — психиатр дәрігер қосылып, дәрі-дәрмектермен емдеуі керек.

— Мұндай жағдайда жақын адамыңды маманға жүгінуге итермелеу керек пе?

— Психикалық ауытқушылықтың әртүрлі деңгейлері бар — невротикалық, шекаралық және психотикалық. Невротикалық деңгейдегі ауытқушылығы бар адамдар салыстырмалы түрде психикалық сау адамдар. Стресс кезінде олар күресе алады және тез қалпына келеді. Шекаралық психикалық ауытқушылық — бұл стресс жағдайында адам өзінің әлсіз тұстарын көрсете бастайды, психика қиындықтарға төзімділігі төмен. Осы сәтте адамға тән емес эмоциялар қатты көрінуі мүмкін.

Олар төтенше жағдайларды өте қиын бастан кешіреді, ауыр оқиғалардан, жағдайлардан ұзақ уақыт қалпына келеді

Ал психотикалық деңгей — психиатрия саласы. Ол әртүрлі жолдармен көрінеді — жарқын психоздардан бастап қалыпты мінез-құлыққа дейін. Бұл ретте адам өз әрекеттерін бақылай алмауы мүмкін, өзін және басқаларды түсінбеуі мүмкін, оның әрекеттері өзіне және басқаларға қауіпті болуы мүмкін. Бұл жағдайда тек психиатр қалай және не істеу керектігін айтады.

КСРО ыдырағаннан кейін

— Сіз посткеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда ақыл-есі сап-сау адам жоқ екендігімен келісесіз бе?

— Жартылай келісемін. Себебі бұрын, Кеңес өкіметі кезінде біз партия енгізген моральдық принциптер бойынша өмір сүрдік, ұрандар мен декларацияларға сендік. Өз пікірің мен даралығыңды көрсетуге, таңдау құқығын бермеді. Тіпті балаларға әдебиет арқылы “ненің жақсы, ненің жаман” екені насихатталды. Енді біз бала мұны өз ата-анасының көмегімен түсініп, ұғуы керек екенін түсінеміз.

Ол үшін ата-ана өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері арқылы баланы сүйіспеншілікке, қамқорлыққа және жақсы көңіл-күйге бөлеп, оны үйлесімді түрде дамытады. Ең бастысы, олардың өздері психикалық сау болуы керек

Тәуелсіздік жылдарында біз бостандық пен таңдау құқығын сезіндік деп ойлаймын. Жақсы өмір сүре бастадық, үйлесімді және психикалық сау бола бастадық. Бірақ, өкінішке орай, барлығы бұл еркіндікті басқара алмай қалды. Кейде біз өз шешіміміз бен таңдауымызды агрессия мен жанжал арқылы қорғаймыз. Бізге өркениетті елдердің келісімге келу, пікір алуандығы мен мінез алуандығын қабылдап үйрену керек.

Қазақстан үшін жаңа бағыттар

— Мемлекет бүгінде азаматтардың психологиялық денсаулығына алаңдаушылық білдіре ме?

— Әрине. Республикалық психикалық денсаулық орталығы психикалық денсаулықтың маңыздылығын белсенді түрде насихаттайды және адамдар мамандарға жүгінеді.

Тұрғындар үшін психологтар, психиатр дәрігерлер жұмыс істейтін телефон желілері бар. Психикалық денсаулық орталықтары бар, хабарласып, тегін көмек ала аласыз

Қазір адамдар психиатрларға жүгінуден қорықпайды, өйткені мұны емдеуге болатынын біледі және толыққанды өмір сүріп, жұмыс істей алатынына сенімді болады. Психикалық немесе психиатриялық аурулар — бұл асқазан немесе жүрек ауруы сияқты аурулар. Кез-келген ауру кезінде курстың жеңіл және ауыр түрлері болады. Психологтың қолжетімділігіне келетін болсақ, бұл мамандар қалалық емханаларда тегін негізде бар.

Бірақ бұл біздің денсаулық сақтау саласы үшін жаңа бағыт, сондықтан емханалардағы психологтардың бейімделуі және сапалы қолдау көрсетуі үшін уақыт қажет

Емханалардың басшылығы психологтардың не үшін қажет екенін түсініп, оларға өзге міндеттер қоймауы керек. Статистика бойынша пациенттердің емханаға жүгінетін ауруларының шамамен 40%-да психосоматикалық спектр бар екенін атап өткім келеді. Осылайша, психологтар дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі, бұл пациенттердің тез қалпына келуіне ықпал етеді.

Стресспен күресу әдістері

— Шиеленіскен саяси жағдай психикаға қатты қысым жасайды. Бұл күйзелісті қалай жеңуге болады?

— Бұл қарапайым алгоритм, адам сана арқылы жұмыс істейді: сезімдер, бейнелер, ойлар, дене сезімдері.

Соғыс туралы айтқанда, басымызда белгілі бір картина пайда болады: жарылыстар, өлім, жақын адамдардан айырылу. Белгілі бір сезімдер пайда болады — қорқыныш, алаңдаушылық, толқу. Денеде кернеу мен діріл пайда болуы мүмкін

Бейнелер мен сезімдердің түбірін табу арқылы біз алаңдаушылықты біраз баса аламыз. Денеміз босаңсып, ішкі күйімізде не болып жатқанын түсіне аламыз. Психологияда көптеген модальдылық пен әдістер бар, олардың әрқайсысының өз техникалары бар.

Сонымен қатар, әрқайсымыздың балалық шақтан қалыптасқан және қиындықтарды жеңуге көмектесетін өзіндік қорғаныс механизмдері бар. Мысалы, біреу қатты дыбыстан қашып кетеді, жасырынады, басқа біреу қатып тұрып қалады, ал үшінші адам айқайлайды. Әрбір әдіс қиын жағдайда өмір сүруге және шешім қабылдауға көмектеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз