Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Теңге 2015 жылғы екі есе құлдырауды қайталай ма? — экономист пікірі

Ресейлік рубль Донбасстағы жағдайдың шиеленісуі аясында долларға шаққанда құнсыздана бастады, қазірде бір доллар 80 рубльге жетті. Бірақ сарапшылар рубль бұдан да көп әлсірейді деп болжайды, бұл сөзсіз теңгенің девальвациясына әкеледі. Қаншалықты тез? Бұл туралы біз экономист Петр Своикпен сөйлестік.

Девальвация үшін қолайлы сәт

— Петр Владимирович, рубльдің бұдан әрі әлсіреуімен қатар теңгенің де құлдырауын күтеміз бе?

— Солай болады деп ойлаймын. Теңге бұрыннан елеулі қысым астында. Себебі Қазақстандағы төлем балансының ағымдағы шоты бірнеше жыл бойы минуста. Сыртқы төлем балансында үлкен плюсі бар рубльмен салыстырғанда. Ал теңге әрқашан оның артынан девальвацияға ұшырайтын. 2015 жылғы девальвациясында ол рубльден кейін девальвацияласа да, ол оны осы процесте басып озды. Бұрынғы әдеттегі 5:1 қатынасынан ол 5,5:1 қатынасына, кейде тіпті 6:1-ге ауысты.

Ресейдің ДХР мен ЛХР-ын мойындауы Қазақстан билігіне теңгені девальвациялауға “тамаша” мүмкіндік береді.

— Рубль қаншалықты әлсіреуі мүмкін?

— 2014 жылғы жағдайдың қайталануы екіталай — майданнан кейін рубль екі есе төмендеді. Қырым қосылғаннан кейін мұнай бағасы құлдырап, теңге де құлдырады. Бүгінгі таңда Ресейде мұндай маневр жасауға мүмкіндік жоқ. Бұл Батыс санкцияларының шынымен кесерлі екенінің дәлелі болады. Кремль рубльдің девальвациясы өте жоғары болмауы үшін бар күшін салады.

Өткеннің жаңғырығы

— Рубль бағамын жасанды түрде ұстап тұра ма?

— Иә, солай. Оқиғалар келесі сценарий бойынша өрбиді деп болжауға болады: рубль аздап әлсірейді, бірақ өрескел емес. 2015 жылды еске алыңыздар — сол кезде біз Қазақстан Ресейдегі экономикалық оқиғаларды үлкен уақыттық  аралықпен қайталағанын көрдік. Кейінге қалдыру ел ішіндегі маңызды саяси өзгерістерге байланысты болды.

Президент мерзімінен бұрын қайта сайланды, “100 нақты қадам” бағдарламасы қабылданды. Үкімет девальвацияға мұқият дайындалды

Қазіргі уақытта біз “100 қадам” бағдарламасын да, мерзімінен бұрын сайлауды да күтпеуіміз керек, сондықтан рубль мен теңгенің құлдырауы арасындағы уақыт аралығы әлдеқайда аз болады. Әрі кетсе бір апта. Рубль девальвацияға белсенді түрде қарсы тұрады деп ойлаймын.

— Ресейде қарсыласу үшін ресурстар жеткілікті ме?

— Ресейдің Орталық Банкі ІҚМ-нің еркіне әрдайым мойынсұнып, 2014 жылы оның еркін орындады. Путин бұған кедергі жасамады. Меніңше,

егер рубль девальвацияға ұшыраса санкциялардың жұмыс істеп тұрғанының тым ашық көрінісі болады

Сондықтан Путин рубльді ұстап тұру үшін бәрін жасайды. Оны ұстап тұра алады, себебі Ресейде валюта қоры жеткілікті. Қазір болып жатқанның бәрі доллар нарығындағы проблемаларды шешуді тездетуі мүмкін.

Салдары қандай?

— Доллар нарығы қалай зардап шегуі мүмкін?

— Жалпы доллардың көптеген қиындықтары бар. Әлемдік дағдарыс кезеңінен бері белсенді жүргізіліп келе жатқан көлемдік жұмсарту саясаты қамтамасыз етілмеген қаржылық массамен долларлық нарықты асыра толтырды. Және бұл қамтамасыз етілмеушілік қаржы нарығынан нақты нарыққа өтеді.

Америкада да, Еуропада да өте ауқымды инфляция — олар үшін үйреншікті емес, үрейлі. Сондықтан ФРЖ ставкаларды көтеру саясатын бастады. Бұл үлкен жинақталған қарыз пирамидасына қызмет көрсету мүмкін еместігіне әкеледі. Қызмет көрсету құны жоғары болатыны сонша, дефолттар тізбегі  басталуы мүмкін — корпоративті де, ұлттық та болуы мүмкін. Және мұның бәрі әлемдік доллар нарығына қауіп болып тұр. Сондықтан

Донбастағы саяси оқиғалар доллар нарығының өзінде апатты жағдайлардың басталуының катализаторы бола алады. Мұндай жағдайда Батыстың Ресеймен бас қатыруы екіталай

Өз төлем жүйесінің тұрақтылығын қалпына келтіру үшін бар күш-жігерін  салатын болады. Мұның бәрі әлемнің валюта аймақтарына бөлінуіне әкеледі. Батыстың Ресейге қарсы белсенді қолданып жүрген санкциялары доллар әлемінің өзіне зардап әкелуі мүмкін. Ал Ресей, шын мәнінде, долларлық төлемдерді белгілі бір долларлық емес схемалармен ауыстыруға мәжбүр болады. Барлық осы оқиға жаһандық перспективада орын алады, бірақ  қазір бастамасы болып жатыр.

Нарық бойынша болжамдар

— Бүгінде мұнай бағасы жоғары болып отыр. 2015 жылғы жағдайға қарағанда, бұл Ресей және Қазақстан валюталары үшін қандай да бір тұрақтандырушы фактор болуы мүмкін бе?

— Иә, Путиннің қазір рубльдің әлсіреуіне жол бермейтін саяси себептерден басқа, экономикалық себептер де бар. Ол мұнай мен газдың жоғары құнынан тұрады. Американдықтар да, еуропалықтар да оны қолдауға мәжбүр. Тек Газпром үшін ғана емес, сонымен бірге “Солтүстік ағын-2”-ден бас тартқандықтан, олар американдық сұйытылған газға ауысады. Американдық сұйытылған газды өте жоғары бағамен жеткізу ғана тиімді. Ал газ қымбаттаса,  мұнай да қымбаттайды. Және ол тағы өсуі мүмкін.

— Теңге бағамына қайта оралсақ, долларды 500 немесе одан да жоғары теңгеге сатып алатын боламыз деп болжауға бола ма?

— Менің ойымша, бір доллар үшін 470 теңге — бұл психологиялық барьер, теңге бұдан аса алмайды.

Бірақ егер Украинаға қатысты осы оқиғалар болмаса, онда теңге үздіксіз қысымнан бәрібір құнсызданар еді. Бірақ біздің билік оны рубльден бөлек құлдырауына жол беруден қорқады. Енді олар үшін рубльдің әлсіреуі сыйлық іспетті. Рубль артынан олар да теңге бағамын төмендету мүмкіндігін қолға алады. Бірақ бұдан артық әрекетке бармайды. Ал егер рубль қатты және ұзақ  уақыт бойы құлдыраса, онда бір доллар үшін 600-700 теңге болатыны сөзсіз. Бірақ мен мұны күтпеймін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз