Елордада үш жылға жуық уақыт бойы жылу қуаты тапшылығы байқалуда: жұмыс істеп тұрған екі ЖЭО өсіп келе жатқан қалаға қызмет көрсетуге қауқары жетпей барады, ал үшіншісін салу мүмкін емес.
“Мынадай жағдай орын алды. Біз Sezim Qala, 6 мекенжайы бойынша кеңсе бөлмесін сатып алдық, кілтін алдық, жөндеуді бастадық. Суық түсті. Алайда жылу қосылмады”, – деп жазды қолданушы. — Мен көрші кеңселерге де барып шықтым (Тұран, 2-дегі Nova City; Рысқұлбеков, 2-дегі Nova City) — мәселе менде ғана ма деп ойладым. Жоқ, оларда да жылу жоқ болып шықты. Қалайша жоқ? Біз құрылыс компаниясына бардық.
Нәтижесінде “Астана-Теплотранзит ” барлығын “лақтырып” кеткені белгілі болды. Бәріне қуат жетіспейтіні туралы хат жіберген. Қуат жетіспегені несі?!
“ЭКСПО-шар мен Министрліктер үйіне қуат қалай “жетіспей” жүргенін көріп жүрміз. Бәрі жарқырап тұр, іші суық дегенге сене алмаймын. Біз де жылу алып, жөндеуді жалғастырып, жұмысты бастағымыз келеді! Бізге қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер!!!»
Бірінші кезекте түсініктеме алу үшін біз елорданың жылу беруші ұйымы ретінде “Астана-Теплотранзит” АҚ-ға жүгіндік. Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Сейітқазиевпен қызықты сұхбат болды.
— Нысандар қалай салынып жатыр, ал оларды жылытуға қуат жетіспегені қалай?
— Бұл проблема ЖЭО-3 әлі пайдалануға берілмегендігімен байланысты. Қолданыстағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмыс істейді, бірақ
шаршы метр жылдан жылға өсіп келеді, сондықтан осы жылыту маусымында гигакалория тапшылығы орын алды. Мұның бәрі есептеулермен расталды
Яғни, жаңа нысандарды қосу арқылы біз қолданыстағы тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ете алмай қаламыз. Қазір осындай шиеленіскен жағдай қалыптасты.
— Онда не үшін объектілер салып, пайдалануға береді? Сіздер пайдалануға беру актілеріне өз қолдарыңызды қоясыздар емес пе?
— Біз жылу беруші ұйымбыз, ал гигакалорияларды ЖЭО қайнаркөз ретінде береді. Бұл қайнаркөз өспей жатыр, мәселе осыда. Жобадағы ЖЭО-3 пайдалануға берілмеген. Ал біз тұтынушыларға жылу жеткіземіз.
— Ал осы жағдайға тап болған үй-жайлардың иелері не істеу керек?
— 2022 жылы қала басшылығы ЖЭО-3-ті пайдалануға беруге уәде берді.
— Қала басшылығын жылу қуатының жетіспеушілігі мәселесімен хабардар еттіңіздер ме?
— Әрине! Барлық инстанцияларда біз бұл туралы айтып жатырмыз. Өйткені Nova City сияқты нысандар көп. Біз бұл мәселемен өзіміз де алаңдаулымыз және барлық жауапкершілікті бізге арту дұрыс болмас еді.
ЖЭО-3 көзі бүгінгі күнге дейін салынбаған, бұл қала мәселесі
Бізде қазір жаңа нысандарды қосуға болмайды деген әкімдіктің хаты бар, өйткені бұл елордада жұмыс істеп тұрған тұтынушылардың үйлерінің салқындауына алып келеді.
— Яғни барлық сұрақты әкімдікке қою керек пе?
— Иә. Өйткені біз тек тұтынушыларға жұмыс істеп тұрған екі ЖЭО-ның бергендерін ғана ұсынамыз. Жүргізілген желілер жобаға сәйкес келгенін, жылу трассасы шын мәнінде салынғаны және объектіге әкелінгенін тексереміз.
— Елордада жылу қуатымен проблема қай кезден бастап бар?
— Кем дегенде үш жылдар бері.
Келесі жылы, егер ЖЭО-3 қосылмаса, қаланы жылумен қамтамасыз ету өте қиын болады деп айтып жатырмыз
Тапшылық қазір шамамен 80-90 гигакалорияны құрайды.
Елорда қарқынды газдандырылып, өсіп, дамып келеді. Ал салыстырып тексеретін болсақ, бұдан әрі салыну қауіпті — ЖЭО-3 жоқ. Әрине, біз Нұр-Сұлтан әкімдігіне қалыптасқан мәселеге қатысты сұрақтармен жүгіндік.
“Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы” ММ ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е51, Е68 жобалық атаулары бар көшелердің қиылысу ауданы мекенжайында орналасқан “жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені” объектісі (“Nova City” ТК, 2-кезек) жылыту маусымы басталғаннан бері орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған”, – деп хабарлады әкімдіктен. — Сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты осы ТК тұрғын емес үй-жайларын қосу жылыту маусымының үздіксіз өтуі және температуралық кестені сақтау үшін уақытша тоқтатылды.
Тұрғын емес үй-жайларды жылумен жабдықтауға қосу 2022 жылғы ақпанның ортасында жоспарланып отыр”
Болды. Себебі айтылмаған, нысандарды неге пайдалануға берілгені де түсіндірілмеген. Дегенмен, жақында кәсіпкерлер жылумен қамтылатыны қуантады.
2021 жылы 8 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында 3-ЖЭО құрылысының барысы туралы айтқан болатын.
“Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Қалада жылу беру маусымы шамамен жеті айға созылатындығын және алдағы уақытта жылу энергиясы тапшылығының туындамауы үшін бұрын ЖЭО-3 құрылысы қайта басталғанын ескере отырып. Аралау барысында 3-ЖЭО құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді, – деп жазды қала басшысы. – ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, екі газ қазандығының құрылысына кірісеміз. Олардың қуаты ЖЭО-3 қуаттылығынан екі есе асып түседі, бұл тапшылық болжанып отырған учаскелерді және болашақ құрылыс учаскелерін жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Маңызды стратегиялық объектіні іске қосу 2022-2023 жылыту маусымына жоспарланған”
Әкімнің жоспарлары өте жақсы. Алайда, шенеуніктер мен жылу берушілер өз іс-қимыл жоспарын неге алдын-ала қарастырмағаны түсініксіз. Біз неге таңданамыз? Қалалық мәслихат депутаттары жылу мәселесіне бірнеше отырыс арнаған.
2021 жазында өте қызықты талқылау өтті. Онда ЖЭО-3-тің құрылысы қандай пертурбациядан өткенін еске алды
Жоба үнемі кейінге қалдырылып, оның құны қымбаттады. Осы отырыстан кейбір үзінділер келтірейік.
– Сәуірде (2021 жылы — ред.) жобаға түзету жүргізіліп, оң сараптама алынды.
Түзетілген жобаның жалпы құны 35,3 млрд теңгеге қымбаттай отырып, 122 млрд теңгені құрады. 82,3 млрд теңге игерілді,
– деді басқарма басшысы Төлеген Құлышев. – Республикалық бюджет комиссиясы отырысының 2021 жылғы хаттамасына сәйкес, бастапқы баға 44 млрд теңгені құрады, түзетілген жобаның қалдығы – 39,7 млрд.
Себебі, 2018 жылы ЖЭО-3-те қазандық жабдықтарын монтаждау жұмыстары тоқтатылды. Сол кезде жобаның құны 87 млрд теңгені құрады, оның 83 млрд теңгесі жұмсалды,
енді жобаны іске асыруды аяқтау және 2022-2023 жылғы жылу беру маусымы басталғанға дейін ЖЭО-3 бірінші кезегін іске қосу үшін 30 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру қажет
Яғни, жобаға 2011 жылдан бері созылуынан және оның түпкілікті құнына девальвациядан бастап құрылыс материалдары мен жабдықтары құнының өсуіне дейінгі барлық проблемалар әсер етті. Тапсырыс беруші мен орындаушы бәрін уақытында жасаса, елордада үшінші ЖЭО баяғыда салынар еді, ал кеңсе иелері қыста жылуда отырар еді.