Тамыз айында Ұлттық қор активтерінің айтарлықтай өсуінен кейін, қыркүйекте теріс жағдайлар қайта оралды.
Қаржы министрлігінің деректеріне қарағанда, қыркүйек айында түсімдер көлемі 5,6%-ға немесе 134,5 млрд теңгеге ғана ұлғайды. Бұл ретте түсімдердің негізгі бөлімі – мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар бойынша күздің бірінші айында 9,7%-ға немесе 132,8 млрд-қа – 1 трлн 507,3 млрд теңгеге дейін өсті.
Естеріңізге сала кетейік, Brent маркалы мұнайдың орташа айлық бағасы қыркүйек айында тамызға қарағанда 7,6%-ға – барреліне 78,5 долларға дейін өсті.
Мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер қыркүйекте 11,9%-ға — 6,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Республикалық меншікті жекешелендіруден түскен түсімдер бойынша 14,3%-ға — 8,2 млрд теңгеге дейін өсім қалыптасты.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер 5,7%-ға — 0,13 млрд теңгеге дейін өсті.
Үкімет айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер бағанында бұрынғысынша кіріс жоқ.
Заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер бойынша 0,6%-ға – 15,3 млрд теңгеге дейін шамалы өсім қалыптасты.
Ұлттық қор қаражатының шығыстары қыркүйек айында түсімдермен салыстырғанда жылдам қарқынмен өсті. Бірден 13,1%-ға – 3 трлн 405,2 млрд теңгеге дейін. Абсолюттік мәнде – 394,9 млрд.
Кепілдендірілген трансферттер көлемі күздің бірінші айында 10,3%-ға немесе 207,3 млрд теңгеге — 2 трлн 216,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Нысаналы трансферттер 18,6%-ға – 1 трлн 177,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Қорды басқаруға байланысты шығындар едәуір өсті. Әңгіме Ұлттық Банк пен сыртқы басқарушылардың комиссиялық алымдары, сондай-ақ сыртқы аудитті төлеу туралы болып отыр. Осы баптар бойынша шығыстар шамамен 30%-ға — 11,7 млрд-қа өсті.
Ұлттық қордан қыркүйек айындағы шығыстар түсімдерден едәуір асып түскендіктен, оның активтері күздің бірінші айында 1%-ға, абсолюттік мәнде – 260,4 млрд теңгеге төмендеді.
ҚР Ұлттық қорына түскен кірістер және оны пайдалану туралы 2021 жылғы 1 қазандағы есеп