Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
23
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Күйзеліспен күресу және оның алдын алу

1090

Күйзелістік жағдайлардың себептері стрессор деп аталады. Стрессорлардың екі түрі бар: физикалық стрессорлар және эмоциялық шиеленісті тудыратын психологиялық күйзелістер.

Күйзеліспен күресудің бірінші қадамы – оның себептерін анықтау болып табылады. Жұмыстан шығып қалу, жақын адамынан айырылып қалу және ажырасу күйзеліске әкеп соқтырады. Күйзелістің себептерін екі категорияға бөлуге болады: бақылауға келетін себептер және бақылауға келмейтін себептер. Жалпы күйзелісті басқару үшін келесі кеңестерді ұсынамыз:

  • қаржы мәселелері бюджетті дұрыс жоспарлау арқасында шешіледі;
  • ұйқының жеткіліксіздігін бос ойын-сауық пен қажетсіз істерден бас тарту нәтижесінде толтыруға болады;
  • технологиялық күзеліспен гаджеттерді өшіру арқылы күреседі;
  • қатты шаршамау үшін еңбек және демалыс тәртібін сақтаған жөн;
  • тұлғааралық жанжал болмау үшін қарым-қатынасты жақсарту қажет;
  • айналадағы адамдардың сынауына ренжімеу үшін жағдайларды сараптай біліп дұрыс қабылдауды үйрену керек;
  • ауыруды уайымдау үшін дер кезінде көмекке жүгіну қажет;
  • жұмыс көп болғанда уақытты дұрыс жұмсап, маңызды бағыттарды анықтау қажет.

Релаксация әдістерін пайдалану – күйзелісті басқарудың маңызды компоненті болып табылады:

  • жүрек соғу жылдамдығын төмендету арқылы;
  • қан қысымын төмендету арқылы;
  • тыныс алу жиілігін төмендету арқылы;
  • бұлшықетке қан ағынын арттыру арқылы;
  • бұлшықеттерге күш түсіруді және ауырсыну сезімін төмендету арқылы;
  • зейінді жақсарту арқылы;
  • ашу және эмоциялық жабырқауды азайту арқылы;
  • өзіне деген сенімділікті және жағдайды бақылау қабілеттілігін арттыру арқылы.

Өзге де релаксация әдістері бар: йога; музыка тыңдап, одан рақаттану; физикалық жаттығулар; медитация; гипноз; массаж.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз