Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Түркіменстан вакцинацияны міндетті деп жариялады, кейіннен бас тартты – БАҚ

7 шілдеде Түркіменстанда 18 жастан асқан азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина алу міндетті екенін жарияланды. Азаттық хабарлағандай, бірнеше күннен кейін елдің шығысында вакцина алу тоқтатылды. Портал алдымен олар білім беру мекемелерінің барлық қызметкерлеріне вакцина салмақшы.

Сонымен бірге Гурбангулы Бердімұхамедов жақында елде COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелмегенін мәлімдеді.

Бірақ COVID-19-ға қарсы тиімдірек вакцина сатып алуды талап етті

Рас, оның қай түрі туралы айтқаны ресми басылымдарда нақтыланбаған.

Азатлык, көп жағдайда коронавирусқа пневмония диагнозы қойылып жатқанын айтады.

– Менің құрбым жолдысымен бірге короновуриспен ауырып, үйде емделді. Жолдасы ауыр түрімен, құрбым жеңіл түрімен ауырды, компьютерлік томографияға қайта-қайта түсуде. Бірер күн бұрын тағы бір компьютерлік томография жасатты,  жолдасы жақсарған, бірақ әйелінің жағдайы нашар. Вакцинаның ауыр зардаптарына тап жол бермеу үшін тәжірибелі пульмонолог қатаң түрде қанда антиденелердің бар-жоқтығына анализ жасатуды ұсынған. Ондайды  Қоғамдық денсаулық сақтау және тамақтану орталығының ұлттық зертханасында, вирусология бөлімінде жасайды. Бірақ ол жерде жасаудан бас тартқан

мұндай талдау тек шетелдіктерге доллармен жасалады,

– деді атын жасырған Ашхабад тұрғыны.

Журналистердің айтуынша, антиденелердің бар-жоқтығын тексеру оңай емес. Қоғамдық денсаулық сақтау және тамақтану орталығының Ұлттық зертханасынан басқа, Чоганлы инфекциялық ауруханасында анализ жасайды.  Елордалық клиникалар мен медициналық орталықтарда ондай анализ жасалмайды.

Сонымен қатар, Turkmen.news тәуелсіз басылымы коронавирусқа қатысты жағдайдың қиындығына байланысты Түркменабадтағы ауруханалардың жұмысындағы өзгеріс туралы хабарлады.

Қалада орын жетіспегендіктен, Учпункт мөлтек ауданындағы қалалық ауруханада қабылдау бөлімі жабылды. Олар қазір тек COVID-19 жұқтырған пациенттерді ғана қабылдайды. Қала сыртындағы Марыға баратын жолда орналасқан жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасында адам көп, жаңа облыстық көпсалалы аурухана Лебап уәлаятының аумағындағы науқастарды қабылдауды тоқтатты.

Өмір сүру қиын, ешқайда кету мүмкін емес

Сонымен қатар, елдегі мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жаңа шектеулер енгізілуде. Оларға шетелдік төлқұжаттар берілмейді, ал қолында төлқұжаты барларға оны тапсыруға бұйрық берілді.

– Бюджеттік қызметкерлерден биометриялық төлқұжаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға жүгінбейтіндігі туралы қолжазба ала бастады. Оларды алуға тыйым салу туралы ауызша жарияланды, – деді Лебаптық бюджет қызметкері.

Оған қоса, мемлекеттік мекемелердің басшылары

Шетелге шығуға арналған төлқұжаты бар азаматтар бұдан былай жұмысқа қабылданбайтынын ескертті

Себебі түсіндірілмеді. Бірақ портал жаңа талаптар жөніндегі хабарламалар демографиялық дағдарыс туралы жарияланымдардан кейін пайда болғанын растады.

Түрікменстандағы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты соңғы бірнеше жылда көптеген азаматтар басқа елдерге жұмысқа немесе тұрақты тұруға кетіп жатыр. Азатлык үнемі елден кеткісі келетіндердің саны көп екендігі туралы хабарлауда. Осыған байланысты

түрікмен билігі оларға қажетті құжаттарды беруге барлық жағынан кедергі келтіруде.

Миллиондаған адамдар елден кетті

Түркіменстан елден кеткен азаматтардың саны туралы статистикалық мәліметтерді жарияламайды. Бірақ 2019 жылдың мамырында портал өткен 10 жыл ішінде 2 миллионға жуық адам елден кеткенін хабарлады. Бұл деректер дереу құпия дерекке айналды, өйткені бұл президент әкімшілігіндегі шенеуніктерге «ұнамай қалған».

Түркіменабад бойынша көші-қон қызметінің қызметкері берілетін шетелдік паспорттардың санын шектеу туралы бұйрық бар екенін айтты.

– Күн сайын бес биометриялық төлқұжаттан артық бермеу туралы ауызша бұйрық бар”, — деп түсіндірді ол.

Ашхабадта да шектеулер қою туралы хабарланды, бірақ тыйымның барлық мемлекеттік қызметкерлерге қатысы бар-жоқтығы әлі белгісіз. Шетелге шығуға тыйым салу барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әкімдік деңгейіндегі атқарушы билік органдарының өкілдеріне және олардың орынбасарларына қатысты.

– Мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігіне елден тыс жерлерге бес жылға дейін шығуға тыйым салынған. Бұрын бұл тек мемлекеттік құпияларды тасымалдаушыларға және «құпия» ақпаратқа қол жетімділігі бар адамдарға қатысты болатын. Бірақ бұл санаттарды оңай кеңейтуге болады, – деп портал бір  мемлекеттік қызметкердің сөзін келтіреді.

Ашхабадтағы Халықаралық мұнай және газ университетінің студенттерінен де биометриялық төлқұжаттарын тапсыруды талап етуде. Жүргізуші куәлігін де тапсыру сұралған. Университет әкімшілігі құжаттарды оқу бітіргеннен кейін қайтаруға уәде берді.

Жаңа министр — жаңа бұйрықтар

Сонымен қатар Түркіменстанда әйелдердің сыртқы келбетін бақылаудың жаңа кезеңі басталды.

Полиция джинсы, жабысқан футболка, жарқын макияж жасатқан және ақшыл шашты әйелдер мен қыздарды қамауға алуда.

Соңғы күндері бұл, атап айтқанда, елдің шығысындағы аудан орталықтарында орын алуда.

Ұсталғандарды полиция бөлімшелеріне жеткізіп, түсініктеме алу жұмыстары жүргізілуде. Полиция ұзын көйлек кию және қара шашты болу қажеттілігі туралы айтып, міндетті түрде орындау туралы қолхат талап етеді. Полиция себебін түсіндірмейді.

Әйелдерді қамауға алу, сондай-ақ киімі мен сыртқы келбеттеріне қатысты талаптар туралы ресми түсініктеме алу мүмкін болмады.

Журналистердің айтуынша, бақылауды күшейту жаңа ішкі істер министрі Овездурда Ходжаниязовтың ұсынысы бойынша жүзеге асуда.

Атап айтқанда, ІІМ жаңа басшысының Жарлығымен жергілікті полиция басшыларынан “адамгершілікті арттыру” және “жезөкшелікті жою”шараларын күшейту талап етілді. Бұл туралы қамауға алынғандарға полиция учаскелеріндегі түсіндіру-тәрбиелеу іс-шаралары барысында хабарланды. Сонымен қатар, кейбір әйелдер жезөкшелікпен айналысқаны туралы ашық күдікке ілінді.

Тілшілер мен жергілікті ақпарат көздері

өңірде полиция қызметкерлері бақылайтын заңсыз притондар жұмыс істеп жатқанын айтады

Бұл жаңа министрдің жалғыз бастамасы емес. Жақын күндері көлік жуу орындары мен автосервистерді жаппай жабу туралы хабарлады. Жергілікті билік бұл шара елдің жаңа ішкі істер министрінің бұйрығымен қолға алынғанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз