Жануар Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде байқалды.
Сирек Сібір ешкісі Алматы облысындағы фото объективіне түскен. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлімдеді.
“Достар, біздің еліміз таңғажайып жануарларға бай. Солардың бірі – Сібір тау ешкісі. Бұл айбынды артдиактилді жануар Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде байқалып, фотоға түсірілген”, – деп жазды Ибраева Facebook-те.
Оның айтуынша, өткен жылы олардың саны есепке алынып, қорытындысы бойынша 1596 бас тіркелген. Бір қызығы, мүйіздердің ұзындығы еркектерде 140 см, ешкілерде 40 см жетеді.
“Ұлттық парк олардың тіршілік ету ортасы мен маусымдық құбылыстарын үнемі бақылап отырады. Мұндай жұмысты жүргізу өте маңызды. Сіздердің назарларыңызға фототұзаққа іліккен бейне ұсынамын”, – деп қорытындылады Ибраева.