Видеода жирафты мылтықпен атқан сәті түсірілген. Кейіннен ер адамдар жануардың денесін көлікке тиеген.
“Біздің отандастарымыздың жабайы экзотикалық жануарларды аулағаны туралы бейнежазбаны көргеннен кейін жағымсыз сезімд болдым, тіпті түңіліп кеттім, бұл Африкада болған жағдай сияқты.
Мен мұны мәдениеттің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын. Таңқаларлық жайт, кейбір адамдар үшін бұл шынымен көңіл көтеру түрі – жабайы жануарларды, өздеріне сондай құқық берілгендей өлтіру!
Жануарлардың тіршілігіне қызығатын адам ретінде бұл мағана ауыр тиді. Тіпті экзотикалық елде де біз адам болып қалуымыз керек. Мұндай әрекеттерді мүлде қолдамаймын. Жануарларды аяймын. Егер мұндай адамдар ана жақта жануарларға осындай көзқараста болса, онда өз еліміздегі жануарларға аяушылық білдіреді деп үміттену екіталай.
Менің ойымша, кез-келген осындай қатыгездік қоғамда қатаң жазалануы және талқылануы керек. Әйтпесе, біздің барлық техножетістіктерімізге қарамастан, рақымсыз, дөрекі өмірге қайта оралуымыз мүмкін”, – деді Самал Ибраева.
Желіде Африкада аң аулайтын сафари туралы ақпарат бар екенін ескеріңіз. Құны тәулігіне 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады.
Ескерте кетейік, желіде Африкада аң аулайтын сафари туралы ақпарат бар. Құны тәулігіне 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады.