Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Қызылорда аруы” ыдыс жуушы болып жұмыс істеуге мәжбүр: “Барлық жерде интим ұсынады”

442

Желіде қыздың қалалық кафелердің бірінің ас үйінде жұмыс істеп, сарымсақ тазалап, ыдыс жуған видеосы пайда болды. Кадр сыртындағы дауыс бұл Қызылорда аруы-2017 Гүлнұр Нұртаза екенін айтады. Сонымен қатар, ол өзінің бұрынғы мисс екенін және қазір осындай жағдайда жұмыс істейтінін жоққа шығармайды.

Гүлнардың таныстары хабарлағандай, оның тұрмыстық жағдайы нашар. 19 жастағы қыздың ата-анасы қайтыс болған, қазір өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр.

Сұлулық біреуге табысқа жетуге көмектесетін болса, Гүлнұрдың келбеті тек қосымша қиындықтар туғызып жатыр. Әйел бастықтар оны күйеулерін алып кетеді деп қорқып, жұмысқа алмайды. Гүлнұр қайда барса да ер адамдар бірден интим ұсынады. Бірақ видеода көріп отырғаныңыздай, қыз өзі үшін өмірдегі басқа жолды таңдады — қиын, бірақ адал.

Естеріңізге сала кетейік, Нұртаза Гүлнұр “Қызылорда аруы – 2017” атағын жеңіп алған болатын. Екі жылдан кейін ол жыл сайынғы “Қазақстан аруы” ұлттық байқауына қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз