Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бір жыл ішінде долларға сұраныс 20%-ға төмендеді: валюта нарығына шолу

122
Фото: © AFP 2018 / TED ALJIBE

Ұлттық банк мәліметінше, 2020 жылдың қарашасында қазақстандықтар доллар сатып алуға оларды сатудан түскеннен 204,4 млрд теңгеге артық қаражат жұмсаған. Айдың қорытындысы бойынша нетто-сату көлемі 2020 жыл үшін ең жоғары деңгейде болды.

Қазан айымен салыстырғанда американдық валютаға сұраныс 15,3%-ға немесе 27,1 млрд теңгеге артты. Алайда, мұндай өсуге қарамастан, 2019 жылдың қараша айындағы деңгейге жету мүмкін болмады. Ол кезде доллармен жасалған нетто-мәмілелер көлемі 216,3 млрд теңгені құрады.

11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар америкалық валютаны сатып алуға оны сатудан түскеннен 1 трлн 472,4 млрд теңгеге артық қаражат жұмсады. 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 360 млрд-қа жуық теңгеге төмендеді. Осылайша, Қазақстанда долларға сұраныс бір жылда 20%-ға төмендеді.

Доллар және аймақтар

Долларға сұраныстың жалпы республикалық серпінін дәстүрлі түрде бір қала – Алматы қалыптастырады. Қараша айында мұнда нетто-сату көлемі 72,4 млрд теңгені құрады:

бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 35%-ы;

қазан айымен салыстырғанда 13,9 млрд теңгеге артық

2020 жылы сұраныстың рекордтық деңгейі

Жалпы, көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда 12 өңірде өсті, оның 5-і биылғы жылы ең жоғары деңгейде болды. Алматыдан бөлек жергілікті рекордтар мына өңірлерде орнатылды:

  • Нұр-Сұлтанда — 13,8 млрд теңге,
  • Шымкент — 50,2 млрд,
  • Қарағанды облысы — 9,6 млрд,
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 3,4 млрд.

Сұраныс ең қатты төмендеген аймақ — Түркістан облысы – валюта айырбастаудың нетто-сатылымы қазан айындағы 4,5-тен 2,7 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Қызылорда облысында сұраныс екінші ай қатарынан төмендеп келеді. Сонымен қатар, көрсеткіштердің төмендеуі Ақмола, Жамбыл және Қостанай облыстарында байқалды.

Еуроға сұраныс қалпына келмеді

Долларға сұраныс ақырындап қалпына келіп жатыр, алайда басқа валюталарға сұраныс әлі де төмен. Қараша айының қорытындысы бойынша еуроны нетто-сату 27,4 млрд теңгеден аз болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 миллиардқа аз. 2019 жылдың 11 айымен салыстырғанда еуропалық валюта сұраныстың 44%-дан астамын жоғалтты. Негізгі құлдырау наурыз-тамыз айларында болды. Карантиндік шектеулер мен демалыс маусымында жабық шекаралар аясында еуровалюта қажетсіз болып қалды.

Сонымен қатар, қараша айында бірқатар аймақтарда еуроға сұраныс жыл басынан бері ең жоғары деңгейде болды:

  • Шымкентте нетто-сату көлемі 3,7 млрд теңгені құрады
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1,05 млрд
  • Қызылорда облысында — 306,7 млн
  • Павлодар облысында – 1,9 млрд

Бұл ретте Маңғыстау және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда еуропалық валютаға сұраныс екінші ай қатарынан төмендеп келеді.

Рубльге сұраныс төмендеп жатыр

Қазан айымен салыстырғанда рубльдің өзектілігі 15 аймақта төмендеді. Бұған Нұр-Сұлтан (+1,3 млрд теңге — 3,4 млрд теңгеге дейін) және Жамбыл облысы (+50,2 млн теңге — 463,3 млн теңгеге дейін) қосылмайды.

Ресей валютасына сұраныс Шығыс Қазақстан (-3 млрд — 8,7 млрд-қа дейін) және Солтүстік Қазақстан (-2,1 млрд — 2,9 млрд-қа дейін) облыстарында қатты төмендеді. Алматы облысында нетто-сату бар болғаны 218,2 млн теңгені құрады, бұл биылғы жылдың сәуір айынан бастап ең төменгі мән болып табылады.

Жалпы республика бойынша қазақстандықтар рубль сатып алуға сатудан түскеннен 51,6 млрд теңгеге артық жұмсады. Бұл:

  • соңғы 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш
  • қазан айымен салыстырғанда төрттен бірге аз
  • 2019 жылдың қараша деңгейінен 15%-ға төмен

11 ай ішінде рубльдің нетто-сату сомасы бір жыл бұрынғы 581,6 млрд теңгеге қарағанда 504,1 млрд теңгені құрады. Осылайша, халық тарапынан Ресей рубліне деген сұраныс бір жыл ішінде 13,3%-ға төмендеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз