Мәскеулік биржаның KASE акцияларын сатып алуы – “ресейліктер Қазақстанды сатып алып жатыр!» деген сыбыстың таралуына ықпал етті.
Сарапшының пікірінше, Мәскеу биржасының KASE капиталындағы үлесі 1/5-ке дейін өсуі мүмкін.
— Бұған дейін, алғашқы сатып алу кезінде нақты сандар айтылған болатын. Алайда бастапқы мақсат өзгеріп кетуі де мүмкін екені түсінікті. Мәскеу биржасының өкілдері әртүрлі сандарды атады. Бастапқыда КАЅЕ-дегі үлесті 20%-ға дейін жеткізу жоспарланса, кейін бұл цифр 13%-ға дейін түзетілді, сондай-ақ 17% деген де мәлімет бар, – деп атап өтті Бейсембаев.
Менің ойымша, нәтижесінде Мәскеу биржасы 15%-дан 20-ға дейін үлесті алады
Бұл ретте экономист бір акция бағасы 13 918,67 теңгеге бағалануын нарыққа сай деп есептейді.
— Нарықтық құнды анықтаудың нақты критерийлері мен формулалары бар. Бұл мәміле ашық және БАҚ-та жарияланып жатқанына қарағанда, күмән келтірмеуі тиіс, — деді сарапшы.
Ол сондай-ақ осы мәміленің стратегиялық сипаты туралы пікірмен келіседі.
— Бұл Мәскеу биржасының қазақстандық нарыққа шығу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар KASE-нің Ресей нарығына шығу тұрғысынан да стратегиялық болып табылады. Ақыр соңында ЕАЭО аясында екі елдің қаржы жүйелерін үйлестіру және біріктіру бойынша алғашқы қадамдар жасалуда, — деп атап өтті экономист.
Бұл бірыңғай валюта енгізу үшін негіз дайындаудың ұзақмерзімді стратегиясы
Сонымен бірге, Бейсембаев Мәскеу биржасы КАЅЕ-ні толық бақылауға алуға ешқандай алғышарттар жоғына сенімді.
— Бұл екіталай. Бірақ Ресей биржасы KASE дамуының векторына әсер ететін және анықтайтын қатысушылардың бірі бола алады. 15-20% үлес — бұл үлкен бөлік, сондықтан мұндай акционермен есептесуге тура келеді, — деп атап өтті ол.
Мәміле туралы ресми хабарламада “акцияларды ақшамен төлеу әдісі” көрсетілгенімен, Мәскеу биржасы акцияларды бартер — технологиялар және инфрақұрылыммен есептейді деген ақпарат пайда болды.
Сарапшы бұдан ешқандай проблема көрмейтінін айтты:
— Мұнда детальдар мен нюанстарға назар аудару керек. Қайда және не қояды, қай бөлігінде, қол жетімділік деңгейі және меншік құқығы қандай. Менде ондай ақпарат жоқ, – деді ол. — Мәскеу биржасы ауқымды, капиталдандыру жағынан да кең, технологиялық және дамыған инфрақұрылымы бар. Олардың тәжірибесін біздің биржаға енгізуден тек оң нәтиже көреміз, – деп түйіндеді Бейсембаев.