Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жаңа заңда шенеуніктердің жары мен балаларына тетік қарастырылуы бекер емес

122

Парламент мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Бірақ тыйым шенеуніктердің жұбайлары мен балаларына қатыссыз. Бұл қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың қыркүйек айындағы мәлімдемесіне қайшы келіп отыр. Онда ол шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салу қажеттігі туралы айтқан еді. “Бұл ақшаның ізін жасыруға қарсы бағытталған шараларды әзірлеу тобының (FATF) ұсынысы”, – деген еді ол кезде.

Тетік немесе қақпан?

Неге бұлай болды? Қаржыгер Расул Рысмамбетов мұны қақпан ретінде қабылдайды — жұбайлар мен балалар үшін ерекше жағдай кездейсоқ жасалмаған.

— Шетелдік шоттарды ашуға ықпал ететін құрылымдардың заңгерлері клиенттерге кез-келген тыйымды айналып өту нұсқаларын ұсынуы мүмкін, — дейді сарапшы. — Олар шенеуніктің отбасы мүшелерімен бірге жасалатын нұсқаны ұсынсын — кейін бұл саңылауды жабуға болатындай.

Өз кезегінде құқық қорғаушы, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис кез келген тыйымды айналып өте алады деп пайымдайды:

— Мысалы, бәрін туыстарының атына жазады, бұл бұрыннан қолданылып келеді, — деді сарапшы.

Ол заң жобасынан еш мән көрмейді:

— Банк жүйелері барған сайын ілгері жылжуда, цифрлық технологиялар дамуда, іс жүзінде виртуалды шекаралар жоқ. Мұндай жағдайларда физикалық шекараларды анықтауға тырысудың өзі таңқаларлық іс. Менің ойымша, өткен ғасырдан қалған шаралар…

Популизм, басқа ештеңе емес

Жаңа заңды қабылдаудың қисыны қарапайым: елден ақша шығарылып жатыр екен, демек бұл ағынды жабу керек. Рысмамбетов мұны “сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберіндегі әдеттегі шара” деп атайды.

— Құқық қорғау органдары депутаттарға, судьяларға және мемлекеттік қызметшілерге ашылған банк шоттары туралы ақпарат алып отырған болу керек

Сондықтан да олар әдеттегі тәжірибе аясында жұмыс істейді, – деп атап өтті қаржыгер.

Ол заң жобасының кемшіліктерін атады. Оның пікірінше, отбасылардың үлкен болуына байланысты “тыйым кеңірек болуы керек еді, онсыз ол ресми және тіссіз”.

Сонымен қатар, Жовтис мәселенің этикалық және құқықтық аспектілерін қарастыруды ұсынады.

— Бір жағынан, бұл патриотизмді ынталандыру, түрлі күдіктерді жою сияқты көрінеді. Мәселен, шенеуніктер, депутаттар мен судьялар Қазақстанда жұмыс істейді, ал ақшаны шетелде сақтайды, — деп атап өтті сарапшы. — Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы және елден ақша шығарумен күрес сияқты. Қазақстан 2008 жылы ратификациялаған БҰҰ-ның 2003 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы бар. Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы бар (FATF). Қазақстан оған 2013 жылдан бастап енуге тырысуда. Сонымен, осы салада FATF бірнеше ұсыныстар жасады. Бірақ Конвенцияда да, FATF ұсыныстарында да шенеуніктерге шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салу сияқты “тиімді” шара туралы ештеңе жоқ.

Шетелдік шоттарды ашуға тыйым салу популистік идея сияқты болып қалды ма?

— Біздің шенеуніктеріміздің қай жерде болса да шот аша алатын туыстарының санын ескерсек, солай болып тұр, — деп түсіндірді Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры.

Ресейлік тәжірибеге сүйене салу — ақымақтық

Ресейде мұндай тыйым 2013 жылы енгізілген, бірақ Қазақстаннан айырмашылығы, ол ерлі-зайыптылар мен лауазымды тұлғалардың кәмелетке толмаған балаларына қолданылады.

Алайда Рысмамбетов ресейлік тәжірибеге күмәнмен қарайды. Ол мұндай тыйымды “екінші төлқұжаттармен, басқа елдерде тұруға арналған рұқсаттармен, сенім компаниялары мен шоттар жүйесімен оңай айналып өтуге болады” деп түсіндірді.

“Бай адамдарға қызмет көрсететін заңгерлер кез-келген шектеулерді айналып өтудің жаңа және күрделі тәсілдерін жасайды”, – дейді сарапшы.

Жовтис бұл мәселеде Қазақстан Ресейге сүйенудіңқажеті жоқ деп есептейді.

— Ресей саяси салада Батыспен күресіп жатыр, өйткені экономикалық салада ол бәсекеге қабілетсіз. Оның бірқатар лауазымды тұлғалары санкцияларға ұшырады. Ресей шетелдік “жағымсыз” шараларға осылай жауап береді.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес емес, таза саясат

Біз әлемдік экономикаға барынша интеграциялануға тырысамыз, сонымен бірге Ресей басшылығының популистік қадамдарына ілесіп кете береміз.

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен бас тартсақ та, Рысмамбетов заң жобасының болашағы бұлыңғыр екенін айтты.

— Тұңғыш президент шенеуніктерден ақшасын елге қайтаруды бірнеше рет ашық түрде талап етті. Алайда, бұл талапты барлығы бірдей орындаған жоқ. Шығарылған қаражаттың барлық көлемі елге оралмады, – деп түйіндеді қаржыгер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз