Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Парламент сайлауына дейінгі және одан кейінгі теңге бағамы: сарапшыларға жүргізілген сауалнама

199
Сурет: zakon.kz

Жаңа жылдан кейін не болады

«Тикмилл» халықаралық брокерлік тобының сарапшысы Арман Бейсембаевтың пікірінше, сайлауға дайындық Ұлттық валютаның құбылмалылығына әсер етпейді.

«10 қаңтар – бұл жылдың басы. Базарлар жаңа жылдық мерекелерден кейін ғана жұмыс істей бастайды. Әдеттегіден тыс ешнәрсе күтудің қажеті жоқ», – деді ол.

Сарапшының айтуынша,

теңге бағамы қозғалысының өз триггерлері бар – бұл мұнай бағасы, қазір ол өсуде

«Тағы бір фактор – рубль бағамы. Ресейдегі биржалар ұзақ жаңа жылдық мерекелерге байланысты жабық болады. Сондықтан осы күндері курс айтарлықтай күшті өзгереді деп күтпеймін. Жалпы алғанда

10 қаңтарды USD/KZT бағамын біз 430-дан 420-ға дейінгі шекте қарсы аламыз», –деп болжайды Бейсембаев

Бұл факторды Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы талдау орталығының сарапшылары ең төменгі мән деп санайды.

«Жалпы, алдағы сайлау үкіметтің саясатын айтарлықтай өзгертпейді. Демек, бұл оқиғаның теңге бағамына әсері барынша аз болуы ықтимал», – деп есептейді сарапшылар.

Болжам жасағанымен, оның шартты екенін ескертті.

«Осы айда ҚҚҚ сұхбат берген қаржы нарығы сарапшыларының пікірінше,

бір айдың ішінде бағам бір АҚШ доллары үшін 435,3 теңгені құрауы мүмкін

Сонымен бірге, кез келген болжам шартты және нарықтағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екенін есте ұстаған жөн», –дейді сарапшылар.

AERC консалтингтік қызметтер департаментінің аға талдаушысы Ғалымжан Айтқазин де  олармен келіседі.

«Сайлаудың өзі саяси күн тәртібіне елеулі өзгерістер енгізбейді, атап айтқанда бағам қалыптастыру факторларына әсер етпейді», – дейді сарапшы.

Әлеуметтік шығын теңге бағамына қалай әсер етуі мүмкін

Пандемия мен экономикалық дағдарыстың әсерінен билік әлеуметтік шығынды айтарлықтай арттырды. Олар жағдайға шынайы қарап,

егер қиын уақытта салық төлеушілерге көмектеспесе, бюджетті толтыратын ешкім болмайды деген шешімге келді

Билік сайлауға дейін қандай қосымша әлеуметтік қолдау шарасы қабылданатынын айта ала ма және бұл теңге бағамына қалай әсер етеді деген сұрақ біршама тығырыққа тіреді.

Бейсембаев та, Айтқазин де әлеуметтік шығын айырбас бағамына әсер етпейді деген пікірді жақтады.

«Тикмилл» халықаралық брокерлік тобының сарапшысы биліктің мұндай шараларға дайындалғанын куәландыратын ешқандай белгілерді байқалмайды дейді.

AERC консалтингтік қызметтер департаментінің аға талдаушысы қабылданған шараның тізімін жасады. Ол билік шешім қабылдап, әлеуметтік пакетті толтыратынына күмән келтіреді.

ҚҚҚ Мәжілістің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті қабылдауы туралы айтты.

«2021 жылға арналған бюджет шығысы 14 трлн теңгені, ал 2020 жылы 13,8 трлн теңгені құрайды деп жоспарлануда. 2021 жылы Үкімет шығысы аздаған мөлшгерге артуы мүмкін», – дейді сарапшылар.

Сонымен қатар Бейсембаев пен Айтқазин

валюта бағамына сыртқы ынталандыру қатты әсер етеді деп атап өтті

Ал ҚҚҚ оның әсері  «минималды» болады деп бағалады.

Сыртқы факторлар мен теңге

Бейсембаев COVID-19-ға қарсы вакциналардың дайын болуы жағдайға тиімді әсер етеді деп есептейді.

«2021 жылдың соңына дейін пандемияны жеңуіміз мүмкін. Ал бұл әлемдік экономика мен іскерлік белсенділікті қалпына келтіруде және мұнай нарығы үшін жақсы белгі болып табылады. Қара алтынның бағасы 50-60 долларға дейін өсуі мүмкін. Егер бәрі осылай дамып, жағдай тұрақты болса (қаржылық немесе банктік дағдарыстың болмауы) бағамның 400-410 деңгейінде нығаю мүмкіндігі бар», –дейді сарапшы.

Тикмиллдің өкілі

теңге бағамының соншалықты күшті нығаймайтынына сенімді

«Біріншіден, Ұлттық қорды, бюджетті, алтын-валюта резервтерін толықтыру қажет, олар биылғы жылы өте нашар болды. 2021 жылға арналған ел бюджеті 420 бағам бойынша бекітілді. Бағам осы мәннің айналасында  болуы мүмкін», –деп ойымен бөлісті Бейсембаев.

Алайда, ҚҚҚ

қазіргі уақытта сыртқы нарықтағы жағдай белгісіз және бұл тәуекелге сұраныстың төмендеуіне әкеледі дейді

«Бұл ең алдымен АҚШ президентін сайлауға байланысты. Сондай-ақ, инвесторлар коронавирус пандемиясына байланысты жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырады. Әлемде вирус жұқтырғандардың артуы нарыққа қысым жасайды», – дейді сарапшылар.

ҚҚҚ пікірінше, инвесторлар

вакцина қол жетімді болғанда әлемдік экономикадағы жағдай жақсарады деп үміттенеді

«Әлемнің жетекші экономикаларының орталық банктері экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін ультра жұмсақ саясатты ұстануды жалғастырады. Қолжетімділік және өтімділік инвесторлардың қызығушылығының артуына ықпал етеді. Сонымен қатар ОПЕК+ елдері мұнай нарығын теңгерімдеуге белсенді қатысуда, бұл баға белгілеуді қолайлы деңгейде ұстап отыр. Осы екі жағдай қысқа және орта мерзімді перспективада теңгені қолдау факторлары болуы мүмкін», –дейді сарапшылар.

Айтказин жағдай жақсарады деп үміттенеді.

«Әлемдік қаржы нарықтарында коронавирусқа қарсы түрлі вакцинаны сынақтан өткізу нәтижелерінің сәтті болуына байланысты жағымды пікірлер басым. Соңғы апталарда мұнай бағасы қалпына келе бастады (Brent $45-47), енді дамушы нарықтарға инвестиция салуға қарсы емес жаһандық инвесторлардың тәуекелге  деген құлшынысы артты.  Әрине, мұндай сыртқы экономикалық жағдай теңге бағамына да оң әсер етеді», –дейді сарапшы.

 «Жинақ қобдишасын» қандай валютатда сақтаған жөн?

Ақшаны қай валютада сақтау керек деген сұрақ жиі қойылады.

«Егер бұл 5-10 жылға есептелген ірі сомадағы ұзақ мерзімді жинақ болса, ЕАВ-да сақтаған дұрыс. Өзге жағдайларда мұның ешқандай практикалық мәні жоқ және оны жай ғана теңгемен ұстаған дұрыс», – деп сарапшы кеңес береді.

ҚҚҚ сарапшылары мынаны атап өтті

Сыртқы нарықта АҚШ долларына белгілі бір қысым бар

«Бірақ әлі күнге дейін негізгі резервтік валюта мәртебесін сақтап тұр. Сонымен қатар, теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын табыстылықты ескере отырып, ағымдағы шығыстар мөлшерінен асатын жинақтарды бірнеше валютада ұстау оңтайлы болады», –деп кеңес береді талдаушылар.

Айтқазин де теңгені АҚШ долларына ауыстыруға асықпауды ұсынады.

«Мұндай шешімді инвестициялау мақсатын, уақытты, сондай-ақ сізде бар соманы ескере отырып қабылдануы керек. Тіпті валютада сақтауды белгілі бір мақсатқа жету үшін салынған инвестиция деп санауға болады. Екінші жағынан, егер сізде салыстырмалы түрде аз сома болса, оны американдық валютаға ауыстырмас бұрын бірнеше рет ойлану керек», – деп қорытындылады сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз