Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Әйелінің көзіне шөп салған ер адамды торға қамап, ежелгі жазаға тартты

530

Жиналғандар кінәлі еркекті арқанмен байлап, бамбук торына отырғызды, содан кейін оны ғимараттан шығарып, суға батырды. Жазасын алғаннан кейін ол тордан шығарылды. Ер адам ауруханада тексеруден өтті, оның ауыр жарақат алмағаны белгілі болды.

Бейнежазба Қытайдың әлеуметтік желілерінде кеңінен таралғаннан кейін полиция тергеу ұйымдастырды. Сол күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілердің бірі — 41 жастағы ер адамды қамауға алды. 36, 32 және 18 жастағы тағы үш күдікті келесі күні өз бетімен полицияға келді.

«Шошқа торына  қамау» деп аударылатын бұл әдісті қытайлар Мин империясы (1368 — 1644) және Ұлы Цин империясы (1644 — 1912) кезінде опасыздық жасаған адамдарды жазалау үшін қолданған. Айыпты қашып кетпеуі үшін оны байлап,  торға отырғызған. Содан кейін оны өзенге лақтырылып, суға батырып өлтірген.

Қытай заңында жазаның бұл түрін ешқашан  мақұлданбаған және соңғы ғасырларда мүлдем жоғалып кеткен, бірақ оны кейбір  ауыл тұрғындары әлі де қолданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз