Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Зорлық құрбандары әлеуметтік желілерде неліктен қудалауға ұшырайды? — депутаттар

111
Ашық көздерден алынған сурет

БАҚ өкілдері мен блогерлер адамның жеке өміріне қол сұқпау туралы қағиданы жиі бұзып жатады дейді премьер-министр Асқар Маминнің атына сауал жолдаған  сенаторлар тобы. Депутаттардың пікірінше, бұл біріншіден, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін, екіншіден, зардап шеккендердің жағдайын ушықтырады. Көбінесе балалар зардап шегіп жатады.

Олар басқа мәселені де көтерді. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың саны өсуде. Сенаторлардың пікірінше, қоғамда шектен тыс төзімділік орнаған, мысалы, отбасында  күш қолданып тәрбиелеу әдістері әлі бар. Кейде олардың соңы  қатыгез соққыға дейін жетеді.

Балаларды қорғау механизмдері жеткіліксіз

Авторлар заңнаманың қазір айтарлықтай жетілдірілгенін атап өтті. Дегенмен, өмірдің түрлі саласында адам құқығы әлі де бұзылуда.  Сонымен қатар қоғамда құқықтық нигилизмнің белгілері бар.

Азаматтар қажетті құралдар болса да, өз құқығын қалай қорғауға болатынын біле бермейді.

— Осыған байланысты Мемлекет басшысының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының Факультативтік хаттамасына қосылу туралы тапсырмасы ерекше маңызды.

БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті кәмелетке толмаған қазақстандықтардың жеке шағымдарын қарауға құқылы

және олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзылғанын тексере алады, — деп атап өтті сенаторлар.

Қол қоюшылар отандық заңдар қазірдің өзінде баланың құқығын жақсы қорғайтынын атап өтті.

— Біздің еліміз осы саладағы көптеген халықаралық-құқықтық құжаттарға қатысады,

соған сәйкес өзіне тиісті міндеттемелер алды.

2019 жылы еліміздегі барлық балалар мекемелерін азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігінің мандатына заңнамалық енгізу

өз міндеттемесін тиісінше орындап жатқанының дәлелі бола алады, — деп есептейді сенаторлар.

Алайда практика  балалардың құқығын қорғау жөніндегі тетіктердің әлі де жеткіліксіз екенін көрсетті. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар саны өсуде. Бас прокуратураның мәліметінше, 2020 жылы ол 8%-ға өсті. Авторлар бұл

кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілерді жасырғаны үшін лауазымды адамдардың қылмыстық жауаптылығының

енгізілуіне байланысты деп түсіндіреді.

— Қоғамда түрлі жағдайларға, соның ішінде қоғамдық сананың деңгейіне, отбасында құқықтық тәрбиенің болмауына байланысты бұл проблемаға шектен тыс төзімділік сақталады, — деп қосты авторлар.

Мысал ретінде 2018 жылы Қазақстанның оңтүстігінде 7 жасар балаға жасалған зорлықты еске салды. Содан кейін уәкілетті органдар «орынсыз» әрекет еткендіктен қоғамдық жанжал туындады. Нәтижесінде зардап шеккен баланың мүддесіне айтарлықтай зиян келді.

— Қоғамды дүрліктірген тағы бір жағдай мас күйінде баласын ұрып-соққан әкесіне байланысты. Кейін оның үнемі осындай жауыз әрекетке баратыны белгілі болды.

Әлеуметтік желіге баланы азаптап ұрып-соққан бейнеролик тарағанға дейін баланың анасы жұбайының қатыгездігіне көніп келген

Бірақ баланың әкесі өзінің кінәсін мойындамады және тәрбиенің мұндай әдістерін қолайлы деп санайтынын білдірді, — деп атап өтті сенаторлар.

Сұралғандардың 70%-ға жуығы бала тәрбиесінде

«күш қолдану» әдістерін жақтады

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың 70%-дан астамын жақын адамдары жасайды. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балалар өз проблемасымен жалғыз қалады,

олар жақындарының қолдауын ие бола алмайды

— Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің жүргізген зерттеуі мына мәселені анықтады:

сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы бала тәрбиесінде зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға болады деп санайды

Бұл ретте Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 70-бабында ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар, — дейді сауал жолдаушылар.

Сенаторлар осындай тақырыптарды көтеріп, рейтинг жинауға тырысатын отандық бұқаралық ақпарат құралдарына наразылық білдірді. Олар көбінесе субъективті пікір білдіріп,

дұшпандық пен қарсылықтың таралуына ықпал етеді

Ал БАҚ жарияланымдары тергеу әрекетінің барысына ықпал ете алады.

Қате ақпарат қоғамдық ойдың қалыптасауына себеп болады

Қоғамда резонанс тудырған зорлау жағдайында жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары

куәгерлердің немесе оқиға қатысушыларының түсініктемелеріне сүйеніп зардап шеккендердің мінез-құлқы мен сыртқы келбетін егжей-тегжейлі сипаттайтын материалдарды жариялады

Кейбіреуі жәбірленушінің өзін айыптады және бұл әлеуметтік желілерде жәбірленушіге қатысты негативті пікірдің қалыптасуына әкелді.

Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары зардап шеккен немесе  айып тағылған балалар туралы фотосуреттер мен басқа да ақпаратты жариялайды. Депутаттар бұл фактілерді «жеке өмірге қол сұғу» деп атады. Бұл қайтымсыз теріс салдарға әкелуі мүмкін.

— Мұндай жағдайлар көбінесе құқықтық сауаттылықтың және БАҚ өкілдерінің адам құқықтарын сақтау және құрметтеу мәселелерінде жеткілікті хабардар болмауының нәтижесінде туындайды. Жекелеген жағдайларда

БАҚ-тағы қате пікірлер мен тексерілмеген ақпарат қоғамдық пікірге үн қосады

— деп түйіндеді депутаттар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз