Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қытай Жерге Айдан топырақтың үлгісін алып келетін аппаратты сәтті іске қосты

221

Аспан асты елінің ғалымдары екі килограмға жуық тау жынысын жинап, ғылыми мақсатта және планетамыздың табиғи спутнигінде ғылыми-зерттеу базасын салуға дайындық жобасы үшін зерттеу жүргізуді  жоспарлауда.

«Чанъэ-5» ай аппаратының салмағы сегіз тоннадан асады және төрт модульден тұрады, олар айға қонуға, оның бетінен ұшуға, орбитадағы сынамалары бар контейнерлерді қондыруға және қайта жүктеуге, сондай-ақ Жерге оралуға арналған.

Миссия алғашында 2017 жылға жоспарланған болатын, бірақ кейінірек ол 2019 жылдың соңына, содан кейін 2020 жылдың қарашасына ауыстырылды.

Айта кету керек, егер сәтті болса, ҚХР соңғы 44 жыл ішінде Айдың бетінен геологиялық үлгілерді тасымалдау жобасын жүзеге асырған алғашқы ел болады.

Топырақты жеткізу жобасы Қытайдың ай бағдарламасын дамытудағы жаңа кезең болады, өйткені ол аспан асты елінің Айды игеру стратегиясының дұрыстығын іс жүзінде тексеруге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз