Бір сөзбен айтқанда адамдарға табыс табуға мүмкіндік берілмейді.
Экономист Айдархан Құсайынов Ұлттық табыс деп тек «мұнайдан түсетін ақшаны» қабылдауды ұсынды.
— Экономикадағы ұлттық табыс — бұл өндірілген нәрсенің барлығы. «Ол әділ бөліне ме?» деген талқылауымыздың тақырыбы тұрғысынан қарастыратын болсақ бұл даулы мәселе. Мұнайдан түсетін кіріс қана талқылауға тұрарлық нәрсе. Сонда ғана табысты бөлу туралы пікірталас жасауға болады, — деді ол.
Егер сіз осы позициядан қарасаңыз, біршама парадоксалды жағдай болады.
Құсайынов қолданыстағы экономикалық модель аясында ұлттық табыс әділ бөлінеді деп санайды. Бірақ
оның аясында халықтың жартысы мүлдем қажет емес болады
Мәселе тек жұмыссыздар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы да болып отыр. Құсайынов оларды «жайылымдағы адамдар» деп атады, яғни базарларда жұмыс істейтіндер, таксилер және т.б. .
— Экономикалық саясаттың өзі бастапқыда әділетсіз құрылған. Бұл адамдарға онда орын жоқ, —деді ол.
Бұған дейін Құсайынов бұосыған қатысты келесідей пікір білдірген еді
«бай корпорациялар — орнықты мемлекет — ауқатты азаматтар» формуласы жұмыс істемейді
«КИПР» тобының жетекшісі, модератор Ерлан Смайлов та бұл туралы пікір білдірді. Дәл осы формула аясында ірі корпорацияларға бюджет пен Ұлттық қор тұрақты түрде ақша құяды, бірақ бұл халықтың әл-ауқатына әсер етпейді. Оны «кері бағытта өрістетіп», азаматтардың әл-ауқатын бірінші орынға қою керек.
— Егер бұл формула әділ болса, бізде кедейлік күн санап етек жаймас еді.
Мұны коронавирус пандемиясы және жәрдемақы алуға өтініш білдірген көптеген адам нақты көрсетті
Мен мұны Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде өтініштермен жұмыс істеген кезде көрдім, — деді Смайлов.
Ол Дүниежүзілік Банктің елдегі кедейлер санының 800 мың адамға өсуіне қатысты жасаған болжамын еске салды. Сонымен қатар, «жұмыс істейтін кедейлік» өсіп келеді.
Мәжілісмен Айқын Қоңыров қазір экономика мен ЖІӨ долларлық мәнде төмендей бастағанын атап өтті.
Теңге баламасында көрсеткіштер бір қарағанда теңестіріледі, бірақ оған теңгені арзандату есебінен қол жеткіздік
— Өкінішке орай, біздің экономиканың нақты секторы әлсіздеу. ШОБ рөлі өте төмен. Менің ойымша, жағдай нашар, —деді ол.
Ол әлеуметтік саясат туралы да айтты. Соңғы бірнеше жылда Үкімет мемлекеттің бюджеттегі әлеуметтік шығысының үлесі 50%-дан асады деп мәлімдеді.
— Бірақ егжей-тегжейлі қарайтын болсақ, тұжырымдамаларды ауыстырғаны белгілі болады. Болжам бойынша, әлеуметтік баптарға құрылыс шығындары енгізілген.
Шын мәнінде, біздің бюджетті әлеуметтік емес, «құрылысқа бағытталған» деп атауға болады»
Бізде оның қос түбі бар екенін және көп бөлігі ірі бизнес құрылымдарының деңгейін көтеруге бағытталғанын мойындау керек. Оның әлеуметтік компоненті өте төмен, — деді Қоңыров.
Сондай-ақ, ол зейнеткерлерді қолдау инфляцияның ресми деңгейінен де төмен екенін айтты.
Мәжілісмен жағдайды өзгерту үшін республикалық бюджетті қалыптастыруда «бірінші скрипкада» үкімет емес, парламент ойнауы тиіс деп санайды. Ал жергілікті бюджетті бөлуде көп партиялы мәслихаттар шешім қабылдағаны жөн.
— Тек осы тетіктер арқылы ғана ел бюджетін бөлудің дұрыстығына байланысты жағдайға нақты әсер етуге болады, — деді ол.
Саясаттанушы Марат Шибұтов та бюджетті «бизнеске бағдарланған» деп атады.
— Мен 2019 жылға дейін талдау жасадым. Жыл сайын шамамен 300-400 млрд теңге квазимемлекеттік секторға нысаналы құюмен жіберіледі. Содан кейін түрлі бағдарлама бойынша ақша құю бар. Бірақ іс жүзінде аз ғана компанияларға (қырыққа да жетпейді) қолдау көрсетіледі. Сондықтан бізде қолдау тіпті «белгілі бір бизнестерге бағытталған», өйткені қарапайым бизнеске жеңілдіктер де, мемлекеттік сатып алулар да қол жетімді емес. Бірақ оның таңбалауы бар, салық төлеп, тексеруден өтеді, — деді ол.
Осы уақытқа дейін шамамен бір жарым триллион ақша құйылды, бұл ақшаны шынымен әлеуметтік секторға жұмсауға болатын еді, дейді ол.
Шибутов әлеуметтік саладағы ең төменгі азық-түлік себетін қайта қарауды ұсынды.
— Бізде ол калория бойынша да, ақуыз мөлшері бойынша да ДДҰ нормаларына сәйкес келмейді. Оның орнына біз тергеу изоляторларындағы тұтқындар үшін тамақтану нормасын аламыз. Сонымен, осы нормалар бойынша олар жылына 65 кг ет алады, ал біздің себетімізде — небәрі 15, — деді ол.
Ең төменгі жалақыны азық-түлік себетінен 2-2, 5 есе жоғары анықтау керек
Сарапшының есептеуі бойынша, шамамен 70 мың теңге болады. Ең алдымен осындай ең төменгі мөлшерді бюджеттегілер мен мемлекеттік қызметшілерге белгілеу керек. Осыдан кейін жеке сектордағы жалақы да өсе бастайды, өйткені егер мемлекеттік секторда ең төменгі жалақы деігейі жоеғары болса, жеке меншіктегі компанияда 60 мыңға жұмыс істеуге кім келіседі?
Айдархан Құсайынов бұл мәселеге стратегиялық тұрғыдан назар аударып, мемлекеттік саясаттың мақсатын түбегейлі қайта қарауды ұсынды.
— Халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етпейді. 2018 жылдың соңындағы Президент Жолдауында бір рет көтерілді. Біз технологиялық Қазақстан, үдемелі экономикалық өсім туралы айтып, дамыған елдер тізіміне енгіміз келеді. Бірақ халықтың жақсы өмір сүруіне бірде-бір басымдық берілмеген. Іс жүзінде біз мәселені өте «тиімді» шештік: экономикалық өсу бар, бірақ оған халықтың жартысына жуығы қажет емес, —деді ол.
Сонымен қатар, Құсайынов
ақша-несие саясатын өзгертіп, ұлттық валютаға нақты «құбылмалы бағам» белгілеу қажет деп санайды
Оның пікірінше, «курстың тұрақтылығы фетишке айналды».
— Бағам еркіндікке жіберілсін. Бұған Испаниядағы Мерседес пен виллалар қымбатырақ болатын бай адамдар ғана қарсы тұруда, —деді ол.
Құсайынов қазіргі бағам «қате» және байлардың пайдасына жұмыс істейді деп санайды. Егер ол өзгерсе, нарықтағы импортталған өнімдер қымбаттайды, ал жергілікті өндіруші өз тауарларын сата алады.
Бір жылдың ішінде доллардың бағамы 500 теңгеге дейін көтеріледі — сарапшы
— Қате бағамның салдарынан қазір адамдардың үлкен тобы жұмыс істей алмайды. Оны өзгертсек, адамдар өзі үшін табыс таба бастайды, — деді ол.
Сарапшы сол кезде жалақы да арта бастайды деп есептейді. Ең төменгі жалақыны да көтеру керек.
Бұған дейін Құсайынов экономикалық саясат халық табысының артуына негізделуге тиіс екенін мәлімдеген болатын, ол өз кезегінде тұтыну арқылы бизнеске кіріс түсіретін болады.