Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Нұр-Сұлтанда бір күнде 50-ден астам адам COVID жұқтырған

122

coronavirus2020.kz сайтының деректері бойынша, 12 қарашада Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың жаңа 51 фактісі тіркелді. Бұл елорда үшін соңғы үш айдағы ең үлкен мән.  15 тамызда вирус жұқтырғандардың саны 63 болған еді.

Елордада COVID-19 таралу қарқыны артып келеді. Қазан айында 490 жағдай тіркелді – орташа есеппен тәулігіне 15,8. Қарашаның бірінші онкүндігінде – 329 немесе күн сайын шамамен 33 жағдай  тіркелді. Тамыздың ортасынан бастап алғаш рет вирус анықталғандардың саны 50-ден асты.

Билік елордадағы жағдайдың нашарлағаны туралы хабарлады. ҚР Бас мемлекеттік дәрігері Ерлан Қиясов Нұр-Сұлтан қаласының «сары аймаққа» енгенін хабарлады. Айта кетейік, бұған Ақмола облысы да кіреді, соңғы аптада коронавирус  жұқтырудың 288 фактісі анықталды. Оның 37-сі 12 қарашада тіркелді.

Нұр-Сұлтанда осы уақытқа дейін коронавирусты жұқтырудың 15 024 фактісі тіркелген. Бұдан жоғары мән Алматыда (барлығы 15 089 адам) ғана тіркелген. Елордада вирус жұқтырғандардың ішінде 14 428 адам сауығып, 319 адам қайтыс болды (бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш). Осылайша, ресми статистикаға сәйкес, дәл қазір Қазақстан астанасында 277 адам вирус жұқтырған.

«Қызыл аймақ»

Қазақстанның төрт өңіріндегі жағдай елордаға қарағанда нашар. Олардың барлығы «қызыл аймаққа» енген. Бірінші кезекте әңгіме Шығыс Қазақстан облысы туралы болып отыр, онда вирус жұқтырғандар санының өсуі тұрақталды, бірақ жаңа анықталған фактілер саны әлі де көп. Қараша айының басынан бастап  2 974 адамнан COVID-19 анықталды – орташа есеппен тәулігіне 248 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелуде. 12 қарашада 261 науқасқа КВИ диагнозы қойылды.

Сонымен қатар, «қызыл аймаққа» келесі өңірлер енді:

  • Қостанай облысы –  ай басынан бері 518 жаңа дерек, жеті күн бойы 50-ден астам жаңа жағдай тіркелуде.
  • Павлодар облысында қараша айында 614 жағдай анықталды – бұл ШҚО-дан кейінгі екінші көрсеткіш.
  • Батыс Қазақстан облысында жағдай біршама жақсы болып көрінеді. Қарашаның 12 күнінде инфекцияның 358 фактісі анықталды. Бұл Нұр-Сұлтанға (427) және Ақмола облысына (430) қарағанда аз. Бұл екі өңір де «сары аймақтың» қатарында. Ал «жасыл» секторда орналасқан Солтүстік Қазақстан облысының көрсеткіштері төмен (416). БҚО-дағы жағдай шынымен нашарлап кеткен еді, қазір вирус жұқтырғандардың саны төмендеді, төрт тәулік бойы олардың саны 30 адамнан аспауда.

Толқын оңтүстікке жетпеді

Республиканың оңтүстік өңірлерінде жағдай тұрақты. Қызылорда облысында қараша айында барлығы 4 оқиға тіркелді. Сонымен қатар, екі адам 11 және 12 қарашада жұқтырды, ал бұған дейін 12 күн ішінде аймақта жаңа инфекция көзі анықталған жоқ.

Түркістан облысында қараша айының басынан бастап 16, Шымкентте – 42, Жамбыл облысында – 55 жұқтыру фактісі анықталды. Маңғыстау облысында да көрсеткіш төмен. Қарашаның 12 күнінің  жетеуінде  коронавирус тіркелген жоқ, қалған 5 бес күнде 11 адамнан індет анықталды.

Егер жалпы Қазақстан бойынша жағдайды қарастыратын болсақ, 12 қарашада 638 жаңа факт тіркелді. Сегіз күн бойы жаңа жағдайлардың саны 500-дің деңгейінде сақталып тұр, тек төрт рет қана 600-ден асты.

Алайда Қазақстанда толыққанды екінші толқынның келгені туралы айтуға әлі ерте. Ауру тек жекелеген өңірледе қарқынды тарауда,  ал Қазақстан бойынша жалпы статистиканы оңтүстік өңірлер төмендетіп тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз