Айтыскер екінші әйел алуға қатысты пікірін ашық айтты.
«Менің қаржылық жағдайым өте жақсы емес. Алғаннан кейін, асырай алу керек. Жеті атамыздан келе жатқан салт. Сондықтан тоқал алуға қарсы емеспін», — деді Ринат тікелей эфирде.
Ринат Зайытов халықтың құрметіне ие. Отандық шоу-бизнестің ауқатты өкілдерінің бірі. Ақын елімізде танымал болған талай әннің сөзін жазған. Бірақ осындай шығармашылық жұмыстарынан түскен табысы да арқасын кеңге салып, қалағанын орындауға жетпесе керек.