Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ресейде бір тәуліктің ішінде 20 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды

111
Сурет: coronavirus2020.kz

Жұқтырғандардың жалпы саны 1 693 454-ке жетті, деп хабарлайды ТАСС. Өсім 1,2% – ға дейін артты.

Татарстан Республикасында және Дағыстан Республикасында (0,5%), Мәскеу облысында, Чуваш Республикасында (0,6%), Ханты-Мансий АО, Шешен Республикасында, Свердлов облысында және Мари Эл Республикасында (0,7% ) вирус жұқтырғандардың өсу қарқыны төмен.

Атап айтқанда, Мәскеуде бір күнде 5 826 коронавирус инфекциясы, Мәскеу облысында — 569, Нижний Новгород облысында — 417, Архангельск облысында — 389, Ростов облысында — 309 жағдай анықталды.

Бір тәулікте  15 567 адам емделіп щықты. Барлығы инфекциядан 1 266 931 науқас қалпына келді. Жедел штабтың мәліметтеріне сәйкес, шығарылған пациенттердің жалпы саны жұқтырғандардың жалпы санының 74,8% деңгейіне жетті.

Атап айтқанда, бір күн ішінде Мәскеуде 3 853, Мәскеу облысында — 422, Воронеж облысында  — 407 ,  Ростов облысында — 298 және  Саратов облысында — 288  науқас сауығып шықты,

Ресейде коронавирустан қаза болғандардың саны бір күнде 355-тен 389-ға дейін өсті, бұл пандемияның асынан бастап тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жалпы, елде инфекцияның салдарынан 29 217 адам қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз