Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанның элитасына коронавирус қалай әсер етті: кім әлсіреп, кім күшейе түсті?

155
Дереккөзі — matritca.kz

Жаңа рейтинг пен алдыңғы рейтингтің басты айырмашылығы — пандемия кезіндегі әрекеттердің әсері айтарлықтай төмендеді. Енді сарапшылар қайтадан саяси жағдайға қарай бастайды.

Басқарушылардың жұмысы үш критерий бойынша бағаланды:

  • жеке тұлға ретінде бедел;
  • менеджер ретінде тиімділік;
  • саясаттағы болашағы.

Бағалау 1-ден 7 баллға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі, мұнда 1 – сипаттаманың ең төменгі көрсеткіші, ал 7 – сипаттаманың ең жоғары көрсеткіші.

Сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 24 сарапшы қатысты.

Барлық нәтижелер жақсарды

Әлеуметтанушылар үшінші тоқсанда «бағалауда оң динамика болғанын» атап өтті.

Екінші тоқсанмен салыстырғанда 57 адамның тек 5-інің жалпы балы төмендеді.

Бағалау өте үлкен мөлшерде болмаса да, барлық үш пункт бойынша өсті.

Сондай-ақ, үшінші тоқсанда 7 жаңа адам пайда болды, олардың 4-і бірінші 30-дықтың алғашқы орындарына жайғасты.  Жаңа ТЖ министрлігінің басшысы Юрий Ильин жоғары дәрежеге ие болды – 22 орын. Сарапшылар «бұрыннан келе жатқан беделді кәсіби маман болғаннан кейін жоғары баға аванспен берілді» деп мойындайды.

Жаңа стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов 25 сатыға көтерілді. Көптеген сарапшылар өткенді еске алып, оның жұмысының нәтижелеріне күмәнмен қарайды.
Рейтинг авторлары үш шартты топты анықтады. Біріншісі — өз позицияларын сақтаған рейтинг қатысушылары. Бірінші үштікте: ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов және ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин.
Сондай-ақ МКҚ бастығы Қалмұханбет Қасымов пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та бұрынғы позицияларын (тиісінше 17 және 35)  сақтап қалды. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те орынан қозғалмады.
— Оның  партияға ребрендинг өткізуі оң әсерін берді.
Сарапшылардың пікірінше, праймериздің сәтсіздігі және «партияның сайлауға дайын еместігін» кемшілік ретінде қарауға болады

— деп атап өтті әлеуметтанушылар.

Бизнгесті толық қорғай алмады

Екінші топта сегіз адам жоғары позицияға көшті.

— Бірнеше адамның бағалары мен позициялары бойынша ең үлкен динамика байқалады. Бұл:

  • Елбасының бірінші орынбасары Абай Бисембаев (+0,51 балл). Сарапшылар оған «Елбасының сенімді өкілі», «көлеңкелі ықпалды тұлға» рөліне үміткер «технократ» ретінде қарайды;
  • Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов (+0,42 балл ), оның беделіне Елбасының ерекше назары қолдау болды;
  • ПӘ-нің бірінші орынбасары Дәурен Абаев (+0,37 ұпай). Оны сарапшылардың бір бөлігі «орындаушы» деп есептейді, дегенмен ол өзінің «пысықтығын» көрсетті. Ол «халықтың алдына жиі шығуға қорықпайтын» санаулы адамдардың бірі.

Премьер-министр Асқар Мамин де өз нәтижесін жақсартты (+0,35 балл).

Үшінші топқа ұпайларын жоғалтып, рейтингте «төмен түскендер» кірді. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді (-18 позиция), Әділет министрі Марат Бекетаев (-14), мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың (-11) рейтингі тым қатты төмендеді.

«Бедел» параметрі бойынша бұрынғысынша Тоқаев (5,82 балл; 1 орын) және Мәсімов (5,30 балл; 2-орын) көш бастап тұр.

«Тиімділік» параметрі бойынша Үздік-10-дықта  Мәсімовтен басқасының барлығының бағасы жақсарды.

Алайда, ҰҚК төрағасының нәтижелерінде оң өзгерістер болғанымен, 2-орыннан әрі аса алмады,

тек президентті алға жіберді.

— Тиімді менеджерлер ретінде Шпекбаев пен Құлыбаев өз позицияларын айтарлықтай жақсартты. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым басшысының алға жылжуына «гуманитарлық көмек көрсету ісін тиімді жүргізуі» әсер етті. Ал «Атамекен» ҰКП басшысы  «соңғы уақытта ҰКП бизнес мәселелерін шешуде үлкен белсенділік таныта бастады» деп атап өтті, бірақ бұл  шаралар бизнесті карантин салдарынан толық қорғауға көмектеспеді, — деп атап өтті рейтингіні құрастырушылар.

Әлеуметтік блок айтарлықтай ақсап тұр

2020 жылдың 3-тоқсанының қорытындысында «саясаттағы болашағы» параметрі бойынша алғашқы үздік үштік өзгеріссіз қалды —  бұл Тоқаев, Мәсімов және Нығматулин.

Сондай-ақ, қатысушылардың ұстанымдары олар басқаратын блоктардың жұмысы тұрғысынан қарастырылды.

Әлеуметтік блок өкілдерінің ешқайсысы жалпы рейтингіде 30-шы орыннан жоғары көтеріле алмады

Олардың беделі төмен және тиімділігі салыстырмалы түрде жақсы.

Заңнамалық-құқықтық блокта парламенттің екі палатасының спикерлері үздік нәтиже көрсетті. Бұл блокты бағалау кезінде сарапшылар көбінесе жеке тұлға ретіндегі беделіне/ықпал ете алуына және менеджер ретінде тиімділігіне қарай қарады.

Күш блогында Мәсімов пен Шпекбаевтың  позициялары жоғары.

Қорғаныс министрі Ермекбаев (35-орын) пен ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың (37-орын) позициялары төмен.

Мұнда көбінесе жеке тұлғаның беделіне/ықпал ете алуына және саясаткер ретіндегі болашағына назар аударылды.

Қаржы-экономикалық блокта ҰБ басшысы Ерболат Досаевқа неғұрлым жоғары баға (4,04 балл) берілді. Оның тиімділігі 3,61 баллмен бағаланады және

ҚР ҰБ саясаты ашығырақ болған жоқ, бірақ  сәл де болса болжамға келді

деген аргумент келтірілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз