Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ауыл шаруашылығы министрі тауықтарды қалай өсіретінін біле ме?

190
Дереккөзі — dpchas.com.ua

Жақында ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы шаралар пакетімен таныстырды. Қазақстан өз өндірісін құру арқылы импортталатын бірқатар азық-түлік өнімін алмастырады деген ниетте. Құс еті, сүт, шұжық өнімдері, қант — бұл ведомствоның жоспарындағы тауарлар мұнымен шектелмейді.

«Ішкі нарықты молықтыру және өнім экспортын ұлғайту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі 5 жылда трансұлттық компаниялар қатысатын жобаларды қоса алғанда, 380 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр…  Жобалардың аясында агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша 7 экожүйе қалыптастырылатын болады. Салаға шамамен 5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл Қазақстанның өңірлік азық-түлік хабына айналуына мүмкіндік береді», — делінген министрліктің хабарламасында.

АӨК саласындағы сарапшылар ведомство осыған ұқсас бастамаларды үнемі көтеріп келгенін айтады. Сондай-ақ

әрбір министр жарқын болашаққа көз жүгіртіп, қазақстандықтарға азық-түлік қолжетімді болады деп кепілдік береді

Аграрлық кеңесші Кирилл Павлов фермерлермен тікелей жұмыс істейді, ол ауылшаруашылық өндірісінің нақты статистикасынан хабардар. Ол қазіргі министрдің оптимизмімен ішінара келіседі. Бірақ уәделердің көпшілігі «қиялдағы әңгіме» дейді.

Жобалар бар ма?

— Ауыл шаруашылығы министрлігі 5 жыл ішінде 380 жобаны жүзеге асырып, Қазақстанды азық-түлік хабына айналдырамыз деп отыр. Осындай жоспарлардың сәттілігіне сенесіз бе?

— Бір абзацта болашақ мәнде айтылған бірнеше етістік бар.  Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің бір ерекшелігі десе қателеспейміз. Мен бұрыннан бері осы тектес жаңалықтарға қатысты алдымен қол жеткізіп, сосын ғана жар салыңдар деп айтамын. Адамдар қазір бұндай ертегілерге сенбейтін болған.

Мысалы, жақында Қазақстанға келген, ет өңдеу алыбы  Tyson Foods  қайтадан кетпекші. Керемет жоба жабылды

Сондықтан АӨК саласында айтылған 380 жоба тек ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлерінің басында немесе қағаз бетінде тұр деп күдіктенемін. Себебі министрлік пен нақты ауыл шаруашылығы соңғы уақытта бір-бірінен ажырап қалған, олар екі түрлі әлемде өмір сүреді. Әркімнің қолында өз есебі бар.

— Сапархан Омаров премьер-министр Асқар Маминге импортты алмастыратын негізгі азық-түлік тауарлары туралы мәлімдеді. Құс еті, қант, сүт, шұжық, балық…

— Осы тізімнің ішінен жақын арада тек сүт өнімдері мен балық өндіруде жетістіккке жетуге болады. Қазақстанның Орталық Азиядағы бірінші балық өнімдерін жеткізушіге айналуына барлық мүмкіндігі бар. Бізде өткізу нарығы кең — Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, олар өнімдерімізді қос қолдап алады.

Өндірістің ерекшеліктері

— 2023 жылға дейін министр 19 жаңа құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Бұл мүмкін бе?

— Министр ауыл шаруашылығын толық түсінбейді, сондықтан мұндай сандарды айта береді.

Әлемде бройлер өндірумен  қолынан келетіндер емес, мұның қыр-сырын білетіндер айналысады. Себебі өндіріс құнын барынша арзандататын белгілі бір стандарттар бар. 38 күнде бройлер 2,5 кг жетуі керек — бұл өте жақсы нәтиже. Қазақстанда ең кем дегенде —  47-48 күн. Бұл бройлерлерді өсіре алатындар. Яғни, қазақстандық бройлерлерді тамақтандыру ұзақтығы бүкіл әлемде қабылданғанға қарағанда 23%-ға көп.

Тамақ —  құс етін өндірудегі шығындардың негізгі түрі. Тиісінше,

қазақстандық тауық етінің өзіндік құны бастапқыда тым жоғары, ал оның бөлшек сауда бағасы сиыр етінің құнына жақын

Неліктен? Өйткені, біріншіден, дұрыс өсіруді білмейді — білікті технологтар жоқ. Екіншіден, арзан жем қол жетімді  емес, олардың құнына қымбат электр және жанар-жағармай бағасы келіп қосылады.

— Саясаткерлер 30 жылдан бері сүт өндірісіндегі импортты алмастыру туралы  айтып келеді. Ал сөрелерде әлі күнге дейін көрші елдердің өнімі толып тұр.

— Сүт саласы өте күрделі, себебі сүт өнімі тез бүлінеді. Сондықтан өндіріс, әдетте, аймақтық болып табылады. Алыс жерлерге тасымалдамай,  өз аймақтарында сатуға арналған.

Әрине, министрлік өз қолындағы сандарға сенеді. Бірақ есептерге қарағанда нақты өндірістің құрылымының күрделі екені анық.

Жай ғана керемет сүтті сиырларды алып келіп, далаға ферма салып, сүт өнеркәсібінің гүлденуін күте алмаймыз

Кез келген ет өндірісі жемшөп базасына байланысты. Оған суармалы жер, жоғары деңгейдегі құзыреттілік, жақсы мал генетикасы және ветеринария қажет. Ал Қазақстанда қазіргі заманғы сауу қондырғыларында жұмыс істей алатын операторлардың саны жеткілікті емес. Бұл жағдайда менеджменттің жоғарылығы туралы не айтуға болады?

Екі тілім шұжық

Министрлік 2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің белсенділігі артқанын айтты. 2020 жылы 33 өнеркәсіптік сүт фермасы іске қосылды. Олар туралы не білесіз?

— Мен тек оншақтысын ғана білемін. Менің қолымда барлық сандар жоқ та шығар. Бірақ іс жүзінде Түркістан және Алматы облыстарындағы сөрелерден 4 өндірушіні, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарындағы 2-3 өндірушіні ғана көрдім.

Министрлік 50-100 басқа арналған ферманың ашылуы жақсы өнеркәсіптік көрсеткіш деп есептеуі әбден мүмкін.

— Министр шұжық өнімдерінің импортын қысқартып, ет өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыру және фермерлерді мал тапсыруға ынталандыру үшін қаржыландыруды ұлғайту ұсынылғанын айтты.

— Министрдің бірінші айтқанымен ғана  келісемін. Айналым қаражаты өте маңызды компонент. Бірақ одан әрі біз тығырыққа тірелеміз.

Бүкіл әлем Австралия, Аргентина, АҚШ-тың арзан ет өнімдерін өңдейді. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндірістердің ет өңдеу қуатты жеткілікті  болғанмен, жүктемесі төмен, тіпті өте әлсіз.

— Біздің шұжық нарығын беларусьтер басып алды. Неліктен біз емес, олар елімізді тамақтандырып отыр?

— Себебі беларустіктер шұжықтарын мен айтқан арзан импортталған еттен жасайды. Біз оны қымбат отандық сиыр етінен жасауға тырысамыз.

Бұл премиум сұрыпты, оны қайта өңдеуден гөрі экспорттау керек. Бұл «Лексуспен»  мал бағумен бірдей

Тәтті арман

Министрлік қант қызылшасының егіс алқаптарын ұлғайту арқылы қант импортын қысқартуға ниетті. Бұл шешім қаншалықты ақталады?

— Бұл тағы да «Лексуспен» мал бағу секілді. Біздің шикізатымыздың өндірісі бюджеттен субсидияланады, сондықтан мемлекет үшін түпкілікті өнім өте қымбат. Оңтүстік Американың шикізатын сатып алып, өңдеу әлдеқайда арзанға түседі.

— Онда қант қызылшасын көбірек себудің қажеті не?

— Менің ойымша, министрліктің негізгі міндеті жұмыс орындарын құрып, ауыл халқын салаға тарту.

— Оларды жұмысқа тартып, қымбат бірақ ешкім сатып алмайтын өнім аламыз ба?

— Мемлекет өндірісті субсидиялау арқылы азық-түлік бағасына ықпал ете алады. Екінші жағынан, бұл салық төлеушілердің ақшасы. Нәтижесінде отандық азық-түлік өнімдерінің бәсекеге қабілетті бағаларын нарық емес, мемлекеттік реттеу әдістері қалыптастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз