Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ауылға сауатсыз ақша салу наразылық базасының қалыптасуына себеп болады — мәжілісмендер

178

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының бір тобы премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында жазады.

Көп қаржы салынды, бірақ пайдасы шамалы болды

Алдымен депутаттар даму бағдарламаларының көбінде  түрлі бағдарламалар мен есептеулер болатынын атап өтті. Оларды АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бес жылға жоспарлау кезінде ескеру қажет.

Қол қоюшылар бірқатар ұсыныс енгізді және оларды дайындағанда тікелей ауыл тұрғындарының пікірі ескерілгенін мәлімдеді.

— Біріншіден, мынаны мойындау керек

ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуде  ірі ауылшаруашылық агроқұрылымдарына ғана басты назарға алу қате,

— дейді депутаттар.

«Мемлекеттің керемет қаржылық қолдауына» қарамастан, бұл корпорациялар көпшілік күткендей нәтиже бермеді. Өнім көлемі жағынан да, сапасы жағынан да тапшы. Сонымен қатар, бұл құрылымдар ауылдағы шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі болды.

Депутаттар

осындай әдістермен ақша құю «люменизация мен халықтың ауылдардан кетуіне себеп болды». Ал қалаларда бұл адамдар наразылық қозғалысының әлеуметтік базасын толықтырды

— Мемлекет  жер алқаптарын тиімсіз пайдаланып, олардың тоздырғаны және жүздеген мың гектар егістік пен жайылымды жарамсыз еткені үшін осы субъектілерден, сондай-ақ банктерден тұрақсыздық айыбы мен айыппұл түріндегі кепіл міндеттемелерін төлеуді талап етеуге құқылы. Мемлекет басшысы атап өткендей, шаруа қожалықтарын, ауылдық кооперативтерді дамыту үшін жерді алып,  ауыл тұрғындарына беру керек, — деп санайды авторлар.

Тіпті «аштық жариялайтын» наразылықтар болуы мүмкін

Екіншіден, ауылдық кооперацияның нысандары мен әдістерін өзгерту керек.

— Біздің ойымызша, «зәкірлік» кооперация  қозғалыс мақсаттарына жауап бермейді, бәсекелестік ортада таңдау еркіндігінің нарықтық принципіне қайшы келеді. Ірі бизнеске артықшылықтар беру, ауыл халқын оларға бағынышты етудің кезекті бір әрекеті. Дәлелденген әлемдік тәжірибеде

жеке кәсіпкерлікті жаппай дамытудың орнына оларды мүдделер ортақтығы негізінде ерікті түрде біріктіруге көшеді

Үшіншіден, әлемде коронавирус пен карантиндік шаралардың жаңа толқыны болады деп күтілуде. Бұл Қазақстанға да қатысты болуы мүмкін. Карантин тауарлардың қозғалысын «бұғаттайтындықтан» және біз импортқа өте тәуелдіміз,

мемлекеттік резервті қалыптастыру тетігін әзірлеу қажет

Бұл ең алдымен тамақ өнімдеріне қатысты.

— Қазіргі жағдайда мұны ықтимал көтерілістерінің алдын алу ретінде қарастырған жөн. Өкінішке орай, бұл мәселе бойынша біздің ұсыныстарымызды Үкімет қабылдамады, — дейді депутаттар.

Төртіншіден, «жоғарғы директивалар арқылы» бағаны ұстап тұрудың қазіргі әдістері тиімсіз деп тануды ұсынды. Қол қоюшылар

олар бағаның тағы бір мәрте жаңа өсуіне әкеледі

дейді.

— Тек отандық ауыл шаруашылығын жандандыру, өзіміздің ауылшаруашылық өнімдеріміздің өндіріс қарқынын дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру ғана қойылған міндетті шеше алады, — делінген сұрауда.

Бесіншіден, депутаттар «барлық ауылдық қонақтарды қабылдайтын үйлерді ШОБ санатына жедел көшіру» де күтілген нәтижелер бермегенін мәлімдеді. Нәтижесінде  өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды статистикаға кәсіпкерлер ретінде тіркедік.

— Олар ШОБ-тың нақты нысандары бола алады және болуға тиіс

бірақ ол үшін мемлекеттік тиімді қолдау шараларын қабылдау керек,

— делінген сұрауда.

Мәселен, жайылымдар, субсидиялар, банктерден жеңілдетілген несиелерін берген жөн.

— Бұл Мемлекет басшысының

ШОБ-та жұмыспен қамтылғандарды 4 млн адамға дейін жеткізу, оның ішінде жастардың ауылға тұрақтап қалуына және көшіп кеткендерін қайтаруға жағдай жасау

деген тапсырмасын орындаудың бірден-бір жолы. Бес жыл ішінде ЖІӨ үлесін 35% — ға дейін арттыру қажет, — деп есептейді мәжілісмендер.

Саяжайлар қауіпсіз азық-түлік өнімінің кепілі ме?

Алтыншыдан, авторлар саяжай кооперативтерінің проблемаларын шешуге қайта оралуды ұсынды.

— Саяжайларды жастардың ауыл еңбегіне баулу мектебі,

сырттан әкелінетін өнімдерге баға мен сапа жағынан бәсекелес,

көптеген адамды сапалы егіншілік өнімдерімен қамту көзі ретінде қарастырған жөн. Бұл коронавирустың екінші толқынының алдында өте өзекті, — деп жазады депутаттар.

Жетіншіден, елде жеміс-көкөніс базалары жетіспейді. Өз өнімдеріміз аз болғандықтан жаңа базалар да салынбайды.

— Елордада уақыт талабына тек бір ғана нысан жауап береді. Бюджет қаражатына салынған, содан кейін жеке меншікке берілген қалған ангарлар өнімді өнім жиналған уақыттан, келесі егіс маусымына дейін сақтауға бейімделмеген, қыс-көктем кезеңінде өнімдермен қамтамасыз етіп, бағаларға әсер ете алмайды, — деп түйіндеді авторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз