Жұмыспен қамту статистикасы мен БЖЗҚ-ға аударылған жарналар халықтың жаппай кедейленуі туралы әңгімені жоққа шығарды. 2020 жылдың II тоқсанында, табысын жоғалтқан миллиондаған азаматқа 42 500 теңге төленген кезде, статистика бойынша жұмыссыздықтың күрт өсуі тіркелген жоқ. БЗЖҚ-ға аударылған міндетті зейнетақы аударымдары да тұрақты болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен төтенше жағдай және карантин кезеңінде ең көп зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері 1 сәуірден 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуден босатылды. Яғни, әлеуметтік, оның ішінде зейнетақы төлемдерін аудармайды.
Алайда
карантинге және көптеген кәсіпорын жұмысының тоқтауына қарамастан, ай сайынғы зейнетақы жарналарының түсімі дағдарысқа дейінгі деңгейде қалды
Біз 2020 жылдың II тоқсанындағы жұмыспен қамту туралы статистикалық есепті мұқият зерттедік. Дәл осы кезеңде Қазақстанда қатаң карантиндік шектеулер қолданылды.
Сонымен, жылдың басымен салыстырғанда сәуір-шілде айларында жұмыспен қамтылған халық саны 90 мың адамға азайды. Олардың 50 800 мыңы ұйымдарда жұмыс істеген адамдар
COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаның сынағы 2021 жылдың мамырында аяқталады
Ал ресми түрде жұмыссыздар саны 11 600 адамға көбейді. Сонымен қатар, еңбек министрлігінің мәліметінше, 42 500 төлемге 2,5 млн өтінім берілген. Оның ішінде 1,4 млн адам төлемді өз бетінше алуға өтініш білдірген. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлер үшін 255,2 мың өтініш ресімдеген. 2,3 млн адамға төлем тағайындалды.
Карантин кезінде кірісін жоғалтып, төлем алған азаматтардың көпшілігінің тұрақты жұмысы болмаған. Яғни, олар кез келген статистикалық есепке енбей, кездейсоқ табыс есебінен өмір сүреді.
Бұған сонымен қатар, II тоқсанда статистикада көрсетілген тәуелсіз жұмысшылар саны 457 мың адамға өскені дәлел. Заңнамада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп саудада және қызмет көрсету саласында өз қызметін тіркемей, жұмыс істеп жүрген адамдар түсініледі.
Жылдың басында ресми түрде олардың саны 80 мың ғана болды. Ұйымдар жабылғандықтан, жұмысынан айырылған қызметкерлер жаппай жеке тасымалдау секторына көшті деп болжауға болады.
Онда 2019 жылмен салыстырғанда 2020 дағдарыс жылында БЖЗҚ-ға аударылатын ай сайынғы міндетті жарналар жоғары болғанын қалай түсінуге болады?
Қор сайтындағы көрсеткіштер динамикасы мұны айқын көрсетеді.
Мемлекет 2020 жылғы II-III тоқсандарда зардап шеккен секторды жарналардан ресми түрде босатты. Бірақ әлі де ақша аударылуда. Көлемі аздап қана төмендеген. Бірақ кейбір аударымдардың көлемі артқан. Өткен жылғы кезеңдермен салыстырғанда аударымдар төрттен бір есеге ұлғайған.
Атап айтқанда, жұмыс берушілер БЖЗҚ-ға:
Міндетті зейнетақы жарнасының төмендегені байқалмайды. Алайда, депутаттық сауалдарға сүйенсек, соңғы айларда шағын және орта бизнеске қауіп төніп тұр…
Екі қорытынды шығаруға болады. Шағын және орта бизнес дағдарысқа дейін де, дағдарыс кезеңінде де БЖЗҚ-ға аударылатын ай сайынғы зейнетақы жарналарының жалпы көлеміне елеулі үлес қосқан емес. Ал карантин кезеңіндегі экономикалық құлдырау туралы айтылған әңгіменің барлығы жалған.