Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Дағдарыс болған сайын билік банктерді құтқарады, ал шағын бизнес құрдымға кетеді, — депутаттар

188
Two piggy banks with roll of US dollar and coins (Piotr Powietrzynski/ Photographer’s Choice )

Кәсіпкерлер тиімсіз болғандықтан несие алғысы келмейді. Нәтижесінде елдегі шағын және орта бизнес (ШОБ) іс жүзінде тоқтап тұр. Сенаторлар тобының премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында осы туралы айтылған.

Кәсіпорындар ашылғанымен, жұмыс істемей тұр

Ресми мәліметтер бойынша, ШОБ дамып келеді. Бірақ негізгі көрсеткіштерді талдау жасасақ, мүлдем басқа деректер аламыз.

Мысалы, жаңа субъектілердің саны артып келеді, алайда жұмыс істемейтін субъектілердің қатары да күн санап көбеюде. 2019 жылы тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер арасындағы айырмашылық шамамен 300 мың болды.

Кәсіпкерлер бірқатар проблемаларға шағымданады. Біріншіден,  банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесі жоғары. Экономиканың зардап шеккен секторларына ғана мемлекеттік пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау беріледі.

бірақ онда да жеңілдігі бар несие бәріне бірдей берілмейді

— Кәсіпкерлердің пікірінше, ШОБ субъектілері алғаш жұмысын бастаған кезде несие алу қиынға соғады,  ал кейін бұл рәсім ұзақ қаралады және әуре сарсаңы көп, — дейді сенаторлар.

Банктерге тиімсіз, бизнесмендердің қолынан келмейді

Сонымен қатар, банктердің қазіргі шарттармен несие алу тиімсіз. Депутаттар бұндай қарыздар бойынша кейінге қалдыру мүмкінігінің жоқ екенін атап өтті.

— Кез келген бизнесті құру және жүзеге асыру үшін белгілі бір уақыт қажет,

ал несие бойынша төлемдерді  оны алғаннан кейін бір айдан кейін қайтара бастау керек

Кәсіпкерлер несиелік міндеттемелерін қандай қаражат есебінен орындайды деген сұрақ туындайды?, — дейді депутаттар министрге жолаған сауалында.

Қытайды мысалға келтірді, онда шағын бизнеске төлемдерді бес жылдан кейін ғана төлей бастауға рұқсат беріледі.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы басшысының ақпараты бойынша, төтенше жағдай кезінде ШОБ жалпы санының тек 12 мыңының қарызы ғана үш айға кейінге қалдырылды, бұл бар болғаны 1%. Қайта карантин кезінде тағы 4,7 мың кәсіпкердің қарызы 1 қазанға дейін кейінге қалдырылды. Бұл небәрі 0,4%.

Нәтижесінде сенаторлар

банктер ШОБ несиелендіруге іс жүзінде қатыспайды. Бірақ әр дағдарыс кезінде ЕДБ бюджет есебінен құтқарыла бастайды

деген наразылық білдірді.

— Осымен үшінші рет – 2007-2008, 2010 және 2014 жылдары. Осы мақсаттарға мемлекет 7,5 трлн теңге бюджет қаражатын бағыттады. Салыстыратын болсақ, ел бюджетінің жоспарланған кірісі 2019 жылы 9,5 трлн теңге.

Салықтық есеп тығырыққа тірейді

Депутаттық сауалда Мемлекеттік сатып алу саласындағы басқа да проблемалар туралы айтылады. Мұнда «тұрақты жеңімпаздар» мәселесі көтерілді. Депутаттар 2018 жылғы ресми мәліметтерге сілтеме жасап,  онда 50 мыңға жуық жеткізуші конкурста бес және олан да көп рет жеңіске жеткенін атап өтті.

— Мердігерлер тобы конкурстарда жеңіске жетіп, белгілі бір дисконтты алып, мердігерлік жұмыстарды қосалқы мердігерлерге береді. Олар өз кезегінде жұмысты сапасыз орындайды, — дейді қол қоюшылар.

Олардың пікірінше, мемлекеттік сатып алу тетігін жақсартып қана қоймай, рәсімді бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту керек.

Келесі мәселе — салық есептілігі. 2017 жылы Салық кодексінің жаңа редакциясын қабылдаған кезде кәсіпкерлерге түсінікті және қолжетімді болсын деген талап қойылды.  Шындығында нәтижесі мүлдем басқа болды

Бизнесмендер есептіліктің 639 түрін және оған қоса қаржылық, салықтық, статистикалық есептілікті ұсынуы тиіс

— Бұл салықтық қателіктерге, айыппұлдар мен жазаларға алып келеді. Тіпті патенттік және жеңілдетілген салық салу жүйелері  бойынша бизнес субъектілері штатты кеңейтіп, онда бухгалтер немесе салық маманын қосуы керек. Салық жүйесінің қазіргі құрылымы икемсіз және ыңғайсыз», — дейді қол қоюшылар..

Әкімдік жерге билік етеді

Бірқатар проблемалар жер заңнамасының кемшілігімен байланысты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қалалар мен аудандар әкімдіктері ұйымдастыратын байқаулар арқылы беріледі. Сонымен қатар,  учаскелерді конкурстарға қою тәртібі мен өлшемдері заң жүзінде реттемелмеген. Яғни

әкімдік қай учаскені және қашан қою керектігін өз бетінше шешеді

— Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алуға мүмкіндік жасау мақсатында жер заңнамасында бос ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурстар өткізудің тәртібін, өлшемдері мен міндетті мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қарастыру қажет,—деп санайды сенаторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз