Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі басталды

111

SinoVac компаниясының атқарушы директоры И Вэйдун пандемия кезінде коронавирустың түрлі штаммы анықталғанын айтты.

«Біз вакцинадан кейін пайда болған антиденелер вирустың барлық штаммын анықтай алатынын білдік, сондықтан вакцина ұқсас штамдардан қорғай алмауы мүмкін деп алаңдаудың еш себебі жоқ».

Неміс овчаркасы тастанды теңбілшелерді «асырап алды»

Ол сынақтардың алғашқы екі кезеңіне мыңнан астам ерікті қатысқанын айтты. Олардың 1-3%-ының ғана температурасы 37 градусқа дейін көтерілген, бірақ  39 градустан жоғары көтерілмеген. Вэйдун бұл көрсеткішті өте жақсы деп атады.

«ДДҰ стандарттары бойынша, қорғау коэффициенті 50%-дан жоғары болса вакцина тиімді деп саналады, бұл ең төменгі көрсеткіш. Біздің вакцинаның қандай коэффициенті бар екенін әлі білмейміз, ол сынақтың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін белгілі болады… Мен одан жоғары болатынына сенімдімін», — деді компания басшысы.

Оның пікірінше, вакцина жыл соңында қолжетімді болады. Бірақ мұның бәрі соңғы сынақтың нәтижесііне байланысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз