Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мөлдір Әуелбекованы жанкүйерлері хиджаб кигені үшін сынға алды: «Араб болма, қазақ бол»

683
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Танымал әнші өзінің идеологиясы туралы үлкен пост жазып, сыншыларды орнына қойды.

Естеріңізге сала кетейік,  екінші рет тұрмысқа шыққаннан кейін Мөлдір Әуелбекова киім үлгісін ғана емес, жүріс-тұрысын да өзгертті.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Әнші ислам жолына түсіп, жабық киім киіп, тіпті косметиканы қолдануды тоқтатты. Егер ол бұрын сахнаға қымбат және сәнді көйлектермен шықса, қазір ол мұсылман хиджабын киіп, басына әдемі орамал тағуды жөн көреді.

«Ассалаумағалейкум, Құрметтілерім! Мінсіз адам болмайды… Бірақ, сол пенде өз кемшілігін біліп, тәубеге келер болса, Аллаh тағала дұғасын қабыл етеді. Орамалға тиісіп, Алланың әмірін талқылауға ешкімнің қақы жоқ деп есептеймін. О, баста Арабтар пұтқа сиынған, жамылғы кимеген. Олар да Алланың әмірімен киген, тек біздерден әлдеқайда ертерек. Омар ибн аль-Хаттаб киносын көріп, Исламға дейінгі араб әйелдерін қарап алыңыздар.

Араб болма Қазақ бол дейсіздер… Қайсыңыз көшеде кимешек киіп, үкі тағып жүрсіздер? Өздеріңіз де қытайдың киімін жабыстырып, афроамерикандықтардың джинсы шалбарын бұттап, түріктің көйлегін киіп жүрген жоқсыздар ма? Мәселе киім үлгісінде емес, мәселе Алланың әмірінде! Ал, оны кім, қалай және қашан орындайды — өз еркі.

Сіз 5 парыздың қайсысын орындап жүрсіз? Иман келтіресіз бе? Әурет (әйелдерге бет жүзі мен қолдан басқа жер) жауып намаз оқисыз ба? Ораза ұстайсыз ба? Қажылық өтедіңіз бе? Зекетіңізді бересіз бе? Орындамасаңыз Алла парыздарыңызды орындауды нәсіп етсін!

Бос сөзді қояйық мұсылман бауырлар! Дін ұлтқа немесе дәстүрге бөлінбейді! Ақыретте әр пенде өзі үшін ғана жауапты. Басқа бәле тілден демекші, екі иығыңызда екі періште әрбір сөзіңізді қалдырмай жазып отырғанын еске алып, Алланың бұйрығына қарсы келіп күнә арқаламаңыздар, өтініш! Алланың өзі де, сөзі де РАС! Сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін әрі, жүректерге хидаят берсін деп тілеймін!, — деп жазды Мөлдір.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз