Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ресейге кетудің еш пайдасы жоқ — әлеуметтанушы көші-қон көңіл-күйіне қатысты пікір білдірді

287

Сауалнамаға барлығы  760 респондент қатысты.

Елден кететіндердің саны артты

Alvin Market директоры Наталья Оспанованың айтуынша, егер көшу жоспарлары орындалса,

2020-2021 жылдары сыртқы көшетіндердің саны шамамен 300 мың адамды құрайды

— Ресми деректер бойынша, 2019 жылы  сыртқы көші-қонның нақты көлемі 45 225 адамды құрады. Яғни, жылдық сыртқы көші-қонның кем дегенде үш есе артуы мүмкін деп айтуға болады, — дейді Оспанова.

Кім және не үшін кетіп жатыр?

Оның айтуынша, көшу белгілі бір мерзімге байланысты емес,

Қазақстандықтардың 10%-ы, оның ішінде 6%-ы Ресейге және 3,6%-ы алыс шет елдерге көшу мүмкіндігін қарастыруда

Біздің отандастарымыздың көшуінің негізгі себептері әлеуметтік салалармен байланысты. Сауалнама барысында шетелге көшудің негізгі 3 себебі аталды:

  • отбасы мүшелеріне сапалы білім алу қажеттілігі,
  • жаңа жерде тиімді жұмысқа орналасу мүмкіндігі,
  • тұратын жерінде медициналық қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі.

Көшуді жоспарлаушылардың басым көпшілігі (95%) белсенді, еңбекке қабілетті жастағы орыс ұлтының өкілдері: 95%-ы — 45 жасқа дейін.

Алдымен ішкі, содан кейін сыртқы көші-қон

— Көшіп кеткісі келетіндердің көбі қала тұрғындары (83%). Оның 47%-ы — Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары. Көшуді жоспарлаушылардың жартысына жуығы 100 мың теңгеден және одан жоғары жеке табысы бар, — дейді Наталья Оспанова.

Сонымен қатар, ел ішінде көшіп-қонуға ниетті адамдардың саны айтарлықтай азайғаны байқалады.

— Ресми деректер бойынша, 2019 жылы ішкі көші-қон 1 млн 110 мың 252 адамды құрады. Бұл ел халқының 6%-ы. Біздің сауалнамаға қатысқан  кәмелетке толған респонденттердің тек 4,7%-ы 2020-2021 жылдары Қазақстанның басқа елді мекеніне көшуге дайын. Урбанизацияның белсенді үдерісі байқалады: қоныс аударушылардың 83%-ы Қазақстанның  ірі қаласына көшуге ниетті, — дейді Alvin Market директоры.

Көшетіндердің саны көп емес

Саясаттанушы Замир Қаражанов Alvin Market-тен көші-қон болжамын тым пессимистік деп санайды.  90-шы жылдары елден көшіп кеткісі келетіндердің саны осы шамалас болды.

— Егер көшетін халықтың құрамын қарастыратын болсақ, бұл көбінесе Ресейге кететін орыс тілді азаматтар. Бірақ бізде бұл санат тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде 18,85%-ға дейін қысқарды. Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясына байланысты экономиканың өсу қарқыны баяулады.

Замир Қаражанов

Оған мұнай бағасының құлдырауы да әсер етті. Жылдың қорытындысы бойынша нақты көріністі көреміз. Бірақ мәселенің бар екені анық. Нәтижесінде мемлекеттік сектор ұлғайып, бәсекелестік орта қысқаратын болады. Бұл жұмыс орындарының қысқаруына және көші-қон көңіл-күйінің өсуіне әкеледі. Бірақ

Ресейге кетудің мағынасы жоқ, өйткені онда экономиканың өсу қарқыны біздікінен әлсіз, бизнесті жүргізу шарттары да жақсы емес

Қазақстаннан кететіндердің саны аз-маз көбеюі мүмкін, бірақ дабыл қағатын деңгейде емес.

Ресейге негізінен жоғары білім алғысы келетін жастар кетеді. Әдетте, олар ірі қалаларда тұрады. Алдымен адамдар жұмыс орнын, содан кейін тұратын жерін де оңай өзгертеді, — деп қорытындылады саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз