Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Доллардың 470 теңге болуы үкіметтің банктерге жасаған жақсылығының салдары — экономистер

435

Күз онсыз да коронавирустың әсерінен әлсіреген Қазақстан экономикасына жаңа, көңіл қуантпайтын өзгерістер алып келеді. АҚШ-та күзде өтетін сайлауға байланысты әлемдік нарықтарда, оның ішінде акциялар мен шикізат нарықтарында ауытқулар болатыны сөзсіз. Әлемдегі осы оқиғалардың барлығы теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына қатысты Ресейге салынатын санкциялар да жағдайды ушықтыруы мүмкін.

Күрт құнсыздану

Экономист Әсет Наурызбаев  теңгенің құлдырауы рубльден басталады деп атап өтті. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің нашар екенін ескере отырып, теңгенің әлсіреу үрдісі ұзақ мерзімге сақталады.

— Ол біртіндеп немесе күрт құнсыздануы мүмкін. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бізде  девальвация күтпеген жерден болады

Егер санкциялардың әсері туралы айтатын болсақ, алдымен олардың қаншалықты күшті болатынын көру керек. Олармен салыстырғанда мұнай факторы әлдеқайда күшті. Егер мұнайға деген сұранысты қоса алғанда, ресурстарға әлемдік сұраныс тұтастай төмендесе, бізге мұның барлығы теріс әсер етеді. Әлемде бәрі дағдарыстың ары қарай қалай дамитынын  күтуде.

Әсет Наурызбаев

Күзде АҚШ пен Еуропаның көптеген елінің халықты қолдау пакеттері аяқталады. Егер коронавирустың екінші толқынына байланысты сұраныс қалпына келмесе, үкіметтердің бұл шараны жалғастыруға қаражаты болмайды. Экономикалық депрессияның жаңа толқыны басталады, — дейді экономист.

Қытайға үміт артатын уақыт

Наурызбаевтың пікірінше, Қазақстанға АҚШ, Қытай және Еуроодақ экономикасының жағдайы маңызды.

— Қытайда қандай өзгерістер болатынын білмейміз, бұл өте жабық ел. Бірақ олар пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіре алса, бізде де бәрі жақсы болады

Себебі, Қытай мұнай мен астыққа деген сұранысты қалыптастырады. АҚШ-та өтетін алдағы сайлау тұрақсыздықты арттырады. Халыққа беретін  ұсынысым өзгермейді: жақын арада жұмсауды жоспарлап отырған сомаларды теңгеде, ал  қалғанын доллар мен еурода сақтау керек» — деп кеңес береді экономист.

Теңге күшті болмайды

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың пікірінше, әлемдік нарықтардағы күтілетін толқулар қазақстандық активтер — мұнай, акциялар мен валюта құнының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.

Егер Ресей Федерациясына қарсы қосымша санкциялар енгізілсе, бұл рубльге әсер етеді. Демек, жанама түрде теңгеге де тиеді. Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі, сондықтан Солтүстік көршінің экономикасына келтірілген зиян бізге де әсер  етеді.

— Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының арқасында алдағы бірнеше жылда теңгенің қалпына келуін күтудің қажеті жоқ. Шикізат бағасы тым көп өзгереді.

Расул Рысмамбетов, дереккөзі: kapital.kz

Теңге бағамы – біздің экономикамыздың күшінің көрсеткіші. Біздің компаниялардың, соның ішінде мемлекеттік компаниялардың экспортта берік валюта табу қабілетінің көрсеткіші. Мемлекеттің импортты алмастыратын өндірісті қалай іске қосатыны да осыдан көрінеді, — дейді ол.

Доллар сатып алу керек пе?

Сонымен қатар қаржыгер долларды жаппай сатып ату – теңгенің әлсіреуін қолдан жасау болатынына сенімді.

— Қатардағы азаматтарға валютаны сатып алудың мағынасы жоқ. Алайда,  бәріміз доллар сатып алсақ, қысқа мерзімді бағамды төмендетіп, айырбастау пункттері мен банктерге ақша табуға мүмкіндік береміз.

Мен жинақтың бір бөлігін теңгемен ұстар едім. Теңгенің әлсіреуінің шекарасы бар деп ойлаймын

Бұл дегеніміз, егер мемлекет Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АФР) атынан ойыншылардың алыпсатарлық әрекеттерінің валютаны күрт әлсіретінін байқаса, ол доллар сатып алу мен сатуды шектейді.

Біз біртіндеп 100% өзгермелі бағам жасау қауіпті болатын экономика сатысына жеттік

Бұл үкіметтің әлсіз әрекеттері мен Ұлттық банктің коммерциялық банктерге жасаған жақсылығының әсері — деді Рысмамбетов.

Курс қалай өзгеруі мүмкін?

Экономист және Праймериз-2020 қатысушысы Мағбат Спанов күздің басында теңге бағамы ағымдағы деңгейде сақталады деп есептейді. Бірақ

4 қарашада АҚШ-тағы сайлау өткеннен кейін, теңге күрт әлсіреуі мүмкін

Өйткені, әлемдік аренада үстем жағдайға ие АҚШ  өзінің іс-әрекеттерімен бүкіл әлемдегі ақша-несие саясатын анықтайды.

— Қазіргі уақытта сұраныс барлық жерде төмендеуде, ал биыл әлемдік экономиканың қалпына келуін күтудің қажеті жоқ. Жақсы жағдайда, бұл екі жылдан кейін болады. Сондықтан менің болжауымша

2020 жылдың соңына дейін теңге бағамы бір доллар үшін 450-ден 470-ге дейін өзгеруі мүмкін,

— деп санайды ол.

Мағбат Спанов, сурет: voxpopuli.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз