Қазақстан жаңа нарықтық жағдайда экономикалық дамуға дайын болуы тиіс. Мұнайды экпорттап қана бұндай өзгеріске келу мүмкін емес екені түсінікті.
«Нұрлы жолдың» екінші кезеңі» еліміздің көлік-транзит секторының жетекші рөлін бекітуге бағытталуы тиіс. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалар, жаңа елдер мен компанияларды тарту, сервис деңгейін және транзиттік бағыттардың жылдамдығын арттыру есебінен өсуі тиіс, —
деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін inform.kz келтіреді.—
Мен Үкіметке бизнеспен бірлесіп, бес жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын. Біздің негізгі міндетіміз — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету.
Стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды, жеңілдікті қаржыландыруды, ішінара кепілдендіруді, экспорттық қолдау тетіктерін пакеттік беруді көздеген жөн. Инвесторлардың күрделі шығындарының бір бөлігін салық міндеттемелеріне қарсы есепке алу арқылы өтеуге болады.
Жаңа жағдайға қарай экономикалық даму жолын таңдауымыз керек. Ұзақ мұнай суперциклі аяқталды. Әлемдік нарықтың мүлдем жаңа конъюнктурасына дайын болу керек».