Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Испания коронавирустың екінші толқынының басталғанын мәлімдеді

Иллюстрациялық сурет. Дереккөзі: gkgz.ru

Бұл туралы микробиолог, Наварра Гильермо университетінің медицина факультетінің профессоры мәлімдеді, деп хабарлайды «Российская газета».

Оның айтуынша, 15 мамырдан кейін COVID-19-дың жағдайлары көбірек анықталды. Сонымен бірге, профессор екінші толқын «жеңіл және вирусты көбінесе жастардың жұқтырғанын атап өтті.

Ал бұрын диагноздардың көп бөлігі ауруханаларда қойылып,  негізінен үлкен адамдардан індет анықталған еді. Қазір жаппай тест тапсырудың арқасында адамдар вирус жұқтырғанын ертерек білуде,  ал вирустың өзі әлсіреген.

Испанияда COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері 412 мыңнан астам жағдай анықталып, 30 мыңға жуығы қайтыс болды. Премьер-Министр Педро Санчес елдегі коронавирусқа қатысты жағдай «алаңдаушылық тудыратынын» айтты, бірақ ол қазір наурыз айының ортасында болған жағдайға қарағанда жеңілірек екенінін айтты.

Испанияда  аумағында міндетті түрде маска кию  керек, басқа санитарлық шаралар да қолданылады. Билік коронавирусқа жаппай тестілеу жүргізуге тырысуда. Тек 15-21 тамыз аралығында 500 мың ПТР-тест өткізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз