Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Күздегі карантин экономиканы күйретеді

371
Петр Своик, сурет: time.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды түзету үшін 2019 жылғы Жолдауда бірқатар міндеттер қойды. Своик бұл тапсырмаларды үкімет елемеді деп мәлімдеді. Мәселен, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй мен білімге пайдалану туралы бастамасы сол күйінде шешімін таппады.

Карантиннің саяси сипаты

— Петр Владимирович, адамдар карантиндік шаралар жеңілдетіле бастаса да,  күзден қорқады. Олар маусымдық аурулармен бірге жаңа және қатаң карантин енгізілуі мүмкін дейді. Бұлай қорқудың қажеті бар ма және ол экономикаға қалай әсер етуі мүмкін? Алдыңғысы жақсы ештеңе әкелмеді.

— Өткен карантиннің нақты медициналық (яғни тікелей коронавирус) және саяси негізі бар. Оның үстіне, басынан бастап саяси компонент басым болды.

Үлкен ойыншылар қандай да бір себептермен карантин арқылы күресуге шешім қабылдады,

Алайда бұл міндетті емес және басқа нұсқалары да бар еді. Бірақ шешім қабылдағандар осы жолды таңдағаннан, кішігірім субъектілер бағынуға мәжбүр болды. Әрине, шведтер мен белорустар сияқты өз жолымен жүргендер де бар, бірақ олар санаулы.

Қазір де ештеңе аяқталған жоқ. Әлемдік пирамиданың ең жоғарғы жағында

жаһандық экономикаға тағы бір рет карантинмен соққы жасау туралы шешім қабылданады

Яғни, жаһандық өндірістік және тұтыну орталықтары, тауар тізбектері және т.б. бойынша. Қазақстанға сол шешімдерге бағынуға тура келеді. Медициналық мәселе әрқашан екінші орында тұрады. Күзде індеттің жаңа толқыны келе ме, әлде оны ойлап таба ма, бұл маңызды емес.

Коронавирус пандемиясы жаһандық саясатқа үлкен өзгерістер енгізеді

Мен мұндай жағдайдың болмағанын қалаймын. Карантиннің жаңа толқыны экономиканы күйретеді.

Жаһандық нарықтың жағдайы мүшкіл емес, бірақ Қазақстандық модел оның соңынан ілесе алмайды. Шамамен 2014 жылдан бастап біз бір жерде тұрмыз. Экспорт пен импорт көлемі артпады, керісінше тарыла түсті, ЖІӨ де доллармен бірге өсіп жатқан жоқ. Біз тек теңгенің ішкі девальвациясының есебінен ғана аман қалып отырмыз. Әлеуметтік сала өскен жоқ, пандемияның басталуымен ол тіпті құлдырай бастады.

Қаржы министрлігінің Салық комитетінің есебіне қарасақ, бірінші жартыжылдықтың нәтижелері өте нашар екенін көреміз

Ішкі тауар айналымы 10 және одан да көп пайызға төмендеді. Бюджеттік алымдар тұралап қалды. Қаржы министрлігі экономикалық өсуді қалпына келтірудің кешенді жоспарында бар болғаны 1,5-2%-ды уәде етті. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тоқырайтыны айдан анық.

Шикізат колониясы дамымауы керек

— Бұл жағдайды қалай да өзгертуге бола ма?  Ең болмағанда шығындарды азайту мүмкін бе?

— Жалпы, олар түзетуге міндетті, әйтпесе салдары нашар болады. Бірақ қазіргі экономикалық модель аясында оған қол жеткізу мүмкін емес. Тоқаев айтқан, жаңа тәсілдер қажет. Бірақ Үкімет ешқандай шара қолданар емес.

Атап айтқанда, президент  2019 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауында тұжырымдалған тапсырмаларды Үкіметтің орындауына қол жеткізуі керек. Олардың негізгілері:

  • үш қорды (БЖЗҚ, әлеуметтік сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру қорын) біріктіруді пысықтау,
  • жинақтаудың бір бөлігін Тұрғын үй мен білім беруге пайдалануға рұқсат ету.

Енді екінші Жолдаудың уақыты келді (қыркүйек айында жариялануы мүмкін). Бірақ үкімет тапсырманы елемегенімен қоймай, мұны қолға алмайтынын да айтты (Мен тіпті арандатушылыққа барды деп айтар едім). Арнайы құрылған жұмыс тобы

Тоқаевқа тапсырмасының дұрыс емес және ештеңе жасаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеуге тырысты

ПА нәтижесін қайтарып, жұмыс тобын пысықтауды жалғастыруға мәжбүр етті. Бірақ  2019 жылдың соңына дейін мерзім берілген болса да, жұмыс тобы осы уақытқа дейін  Президентке ешқандай дәлелді нәтижелер ұсынған жоқ. Бұған қандай да бір шара қолдану керек.

Не себепті мен бұған баса назар аударып отырмын? Себебі бұл жай ғана зейнетақы мен БЖЗҚ-ның мәселесі емес. Бұл

Қазақстанда Ұлттық жинақтаушы және Ұлттық инвестициялық жүйе пайда бола ма деген мәселе

Қолданыстағы экономикалық модельде оларға орын жоқ. Себебі шикізат перифериясында ішкі дамудың ешқандай көзі болмауы керек. Ол шикізатты әлемдік нарыққа жеткізіп,  шикізат жеткізілімдерін дамытқаны үшін ғана ақша алып отыруы тиіс. Сондықтан қазір Президенттің тапсырмасы төңірегінде нағыз шайқас жүріп жатыр.

Президент үкіметке қарсы ма?

Үкімет іс жүзінде сыртқы мүдделерге қызмет етеді

Ал Президенттің тапсырмасы — бұл ішкі мүдделер жағына жасалған қадам. Онда азаматтардың өз жинақтары есебінен тұрғын үй сатып алуы ғана айтылмайды. Сонымен бірге, аталған ұлттық инвестициялық және жинақтаушы жүйелердің пайда болуы туралы әңгіме қозғалады. Бұл нақты революция, дағдарысты жеңуге көмектесетін серпіліс болады. Біздің экономикамыздағы ең үлкен проблема қандай?

Шикізат емес сектордағы сатып алушының ақшасы жоқ, сондықтан  өндірушінің де қолында қаражаты болмайды

Тек сататын ешкім жоқ. Бұл мәселені шешу тетігі БЖЗҚ қаражаты болуы мүмкін. Қазір онда, менің ойымша, шамамен 9 трлн теңге бар. Бірақ үкімет президенттің айтқанын орындамай, қасарысып тұр. Енді президент әкімшілігінің қандай шара қолданатыны қызықты.

Бірақ ол түбегейлі ештеңе жасамайды деп қорқамын. Екінші Жолдауда біріншісіндегі орындалмаған тапсырмалар туралы айтуды «ұмытып кетеді». Бірақ сол «сыртқа шығару экономикасы» шеңберінде қандай да бір міндеттер қойылады. Ішкі несие мен ішкі даму жоспарын құру туралы маңызды мәселелер туындауы екіталай. Нәтижесінде  жағдай нашарлай береді.

Егер осы шеңберден шықпасақ, ештеңені өзгерту мүмкін емес. Бұл шеңбердің ішінде  Х сағатын күтіп, шіріп кетуге де болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз