Дубай әуежайы әлемде бірінші болып коронавирус жұқтырған адамдарды анықтау үшін қызметтік иттерді қолдана бастады. Жануарлар оны адамдармен тікелей байланыс жасамай, денесінен бөлінген терін иіскеу арқылы анықтайды.
Әуежайда түсірілген видеода иттің COVID-19 инфекциясы бар адамды іздеген сәті түсірілген. Сондай-ақ, жолаушының қолтық астынан алынған тердің үлгісін қалай тапсыратыны және бұндай тестінің жауабы өте қарапайым және жылдам анықталатыны көрсетіледі. Зерттеу барысында үлгіден коронавирусты анықтау дәлдігі 92% құрады.
Әуежайда кейбір елдердің жолаушыларына міндетті түрде ПТР вирус сынағы өткізіледі. Вирус жұқтырған жолаушыларды дер кезінде анықтап, қосымша сақтану үшін иттердің көмегіне жүгінді.