Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Карантин шаралары жеңілдетілді, алайда маска кию міндеттеледі

178
Сурет: sibnovosti.ru

Санитарлық дәрігер көшелер, саябақтар мен гүлзарлар бойынша бір отбасы мүшелерінен айтпағанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүруге болатынын атап өтті. Әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде бес адамнан аспайтын топтарда ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі. Қоғамдық көлікте санитарлық талап күшейтіледі.

Қоғамдық көлікке қойылатын талаптар күшейтілді. Себебі бүгінде бұл инфекцияның таралуы тұрғысынан ең  қауіпті жабық кеңістік екенін түсінеміз. Сондықтан қоғамдық көлік отыратын орындар саны бойынша толтырылатын болады. Маска режимі мен соңғы аялдамаларда дезинфекция жүргізу міндеттеледі, — деп түсіндірді Есмағамбетова.

Ол сонымен қатар,

қазақстандықтар  қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда және қоғамдық орындарда, ашық ауада медициналық маскаларды киюді жалғастыруы тиіс

екенін атап өтті.

Сондай-ақ кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талап та сақталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз