Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Kaspi.kz ерекше құрылғы Kaspi Картоматты патенттеді

1779
Kaspi.kz басшысы және тең негізін салушы Михаил Ломтадзе

Патент Kaspi.kz-тің технологияға ғана емес, төлем картасын мобильді қолданба мен картоматты қолдану арқылы басып шығару алгоритміне де меншік құқығын растайды.

Kaspi.kz басшысы және тең негізін салушы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Kaspi Картомат – біздің команда Қазақстанда жасап шығарған төлем картасын бірден басып шығаруға арналған ерекше құрылғы. Біздің сүйікті клиенттеріміз Kaspi Gold-ты мобильді қолданбада рәсімдеп, картаны бар болғаны 60 секундта Kaspi Картоматтан алады. Kaspi Gold атаулы картасы Kaspi Картоматта клиенттің көз алдында басып шығарылады».

Бүкіл ел аумағындағы Kaspi.kz бөлімшелерінде 148 Kaspi Картомат орнатылған. Kaspi.kz клиенттері Kaspi.kz-тің кезекті инновациялық қызметі туралы әсерлерімен қуана бөліседі.

Петер Либельт

Мен Германиядан келдім, бір жылдан бері Қазақстанда тұрамын. Мұнда байқағаным барлығы Kaspi Gold қолданады. Сондықтан мен де осындай карта ашқым келді. Оны алу жылдам, автоматты түрде болғаны мен үшін тосын сый болды. Мұндай құрылғыны бұрын ешқашан көрген жоқпын.

Петер Либельт

Светлана Чалых

Kaspi-дің өте ыңғайлы қызметтерін тұрақты қолданамыз. Мен бұрын да Kaspi-ден картаны тез алатынмын. Бүгін бірінші рет картомат арқылы қайта басып шығардым. Бұл бір сиқырлы нәрсе сияқты, өте жылдам!

Светлана Чалых

Жанара Сейфуллина

Мен бүгінге дейін Kaspi.kz қолданбасын ғана пайдаланып келдім, енді Kaspi Gold картасын ашуды шештім. Мобильді қолданбада өтініш бергенім сол еді, маған «бөлімшеге келіп алып кете аласыз», деді. Картаны бір минутта өзің басып шығара аласың дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Керемет!

Жанара Сейфуллина

Александр Ломакин

Мен банкоматта картаны жиі ұмытып кететіндердің бірімін. Бұрын қайта шығару үшін біраз уақыт жұмсауға тура келетін. Қазір бір минутта жаңа Kaspi Gold картасын алдым.Таңқалдым. Қазір жұмысымда түскі үзіліс. Бөлімшеге асығып келдім, көп күтетін шығармын деп ойладым. Маған картоматта 60 секундта басып шығарасыз дейді. Тамаша!

Александр Ломакин

Ирина Шим

Шынымды айтсам, шоктамын. Жылдам, ыңғайлы. Артық қағаз, құжат керек емес. Бұған дейін картаны басқа банктер ұзақ жасайтын. Kaspi-ге бұл жағынан бәсекелес жоқ. Картомат – тіпті ноу-хау. Мен Кореяда тұрдым, бұл ел технологиялық жағынан өте дамыған ел, бірақ мен ол жақтан мұндайды көргем жоқ. Бір минутта атаулы картаны алып, бірден қолдана беру ешқайда жоқ.

Ирина Шим

Мәди Бекдайыр

Екі күн болды картамды таба алмай жүрмін. Кафеде, дүкенде қалдырған шығармын, бірақ есімде жоқ. Сондықтан бұғаттап, жаңасын шығаруға тура келді. Мұндай картоматты бірінші рет көріп тұрмын. 60 секундта жаңа карта қолыңда. Өте ыңғайлы. Мен жоғалтқаным туралы арыз жазу сияқты бюрократиялық әуре басталатын шығар деп ойлағанмын. Өте мықты!

Мәди Бекдайыр

Бағлан Орынбасар

Қолданбада карта ашу туралы өтінім толтырдым. Менеджер арқылы алатын шығармын деп ойлаған едім. Олай емес екен, орның орнына арнайы құрылғы бар. Өзім картаны жылдам, оңай, секундта басып шығардым. Тамаша ойластырылған.

 

Бағлан Орынбасар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз