Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандағы байларға салынатын салық: көлемін қашан арттырады және нәтижесі қандай болады? —

223

Қазақстанда дағдарыстың келуімен салықтарды арттыру туралы әңгіме  жиілеп кетті. Үкіметте бизнес үшін ставкаларды — ҚҚС-ты 16%-ға дейін және КТС-ты 24%-ға дейін ұлғайту мәселесі талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласына  оралуды ұсынды. Ол 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылды, бірақ кейіннен тегіс шкалаға ауыстырылды.

Прогрессивті шкаланың мән—  кірістері жоғарылар орта тап пен кедейлерге қарағанда артығырақ салық төлейді

Мұндай жүйе Еуропаның кейбір елдерінде әрекет етеді. Мысалы, Финляндияда 100 мың еуродан астам табысқа салынатын салық ставкасы 31,7%-ды құрайды.

Неліктен мәселені кейінге қалдырды?

Әзірге Үкімет салық ставкаларын көтеруден бас тартты. Салық салудың прогрессивті шкаласын енгізуге асығар емес. Тоқаев әзірге үкіметке бұл мәселені зерделеуді тапсырды. Саясаттанушы Максим Казначеевтің пікірінше, ол әлеуметтік әділеттіліктің көрсеткіші болады. Оның ойынша билік дағдарыстың белсенді кезеңі аяқталғанға дейін салық саласындағы ойын ережелерін өзгертпеу туралы шешім қабылдады.

— Элиталық топтардың өкілдері көбірек салық төлеуге келіспейтіні түсінікті.

Бұл шешімді Президент элиталардың еркінен тыс қабылдауына тура келеді

Қазір ол

осындай дағдарыс жағдайында қақтығыстың туындауына әкелуі мүмкін шешімдерді қабылдап, тәуекелге бармауда

Тоқаев дағдарыстан кейін осы бағытта жұмыс істей ме, жақ па,  күрделі жағдайды еңсергеннен соң, 1,5-2 жылдан кейін ғана көреміз. Жалпы, Тоқаевтың стилі —  ел үшін маңызды және негізгі шешімдерді кейінге қалдыру.

Максим Казначеев

Премьер-министр лауазымында болған кезде де ол шамамен осы стратегияны ұстанды — бір қадам алға жүрсе, екі қадам артқа шегінді. Таңдалған стратегиялық шешімдердің дұрыстығын түсіне отырып, ол практикалық қадамдар жасауға асықпауда. Оның жеке беделді ішкі элиталық тобы жоқ, сондықтан сыртқы қатысушыларға және басқа да ішкі элита ойыншыларына сүйенуге мәжбүр. Ал олармен қарым-қатынасын бұзғысы келмейді, — дейді саясаттанушы.

Төлемеудің амалын табады

Сонымен қатар, заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, байлар үшін  төлейтін салық көлемін арттырса да, заңнаманы айналып өтудің жолы көп.

— Біздікілер табыс салығының 10%-дық мөлшеріне үйреніп қалған. Ал ол бірнеше пайызға көтерілсе де, таза психологиялық жағынан кез келген бай адам бірнеше миллионын жоғалтқысы келмейді

Бай адамдар үнемі өз қаржыгерлерін, заңгерлері ме бухгалтерлерін компанияның ақшасын заңды бұзбай, «сырқа шығаруға» міндеттейді. Ақшаны жалақымен немесе сыйлықақымен төлеуге болады, алайда, оларға көптеген салық салынып, әлеуметтік аударым жасау керек.

Сергей Уткин. Дереккөзі: Азаттық радиосы

Сондықтан кейде компанияның ақшасы бағалы қағаздар, акциялармен операция жасап немесе дивидендтер төлеу арқылы шығарылады. Заңнаманы тікелей бұзатын схемалар да бар. Жалпы, салық пайызы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым табысын жасыруға тырысады, —  деп есептейді Уткин.

Неліктен бюджетте ақша жоқ?

Экономист Петр Своик дамыған елдердің тәжірибесін үлгі ете отырып, Қазақстандағы салық ставкаларының деңгейін шексіз талқылауға болатынын атап өтті. Бірақ қолданыстағы экономикалық шикізат моделінде бұл барлық мәселенің шешімі бола алмайды.

— Бірнеше жыл бұрын басталған дағдарысты коронавирус одан әрі ушықтырып жіберді. Оның екі жағы бар

  • Біріншіден, бұл бюджетке түсетін ақша дағдарысы.
  • Екіншіден, бұл халықтың төлем қабілеттілігінің дағдарысы.

Экономикадағы дағдарыспен күресу үшін салықты төмендетіп, өндіріске ақша салу керек. Ал төлем қабілеттілігінің дағдарысымен күресу үшін сатып алушылардың қалтасына түсетін ақшаны көтеру керек. Екеуі де қосымша қаражатты талап етеді. Үкімет оларды қайдан аларын білмей, бизнестен қосымша «ақша» жинауға тырысуда.

Президенттің мұндай ұсыныстарды  қабылдамауы әділетті, бірақ мәселе үкіметтің басқа ұсыныстарының жоқ болуында

Петр Своик

Мұның мәнісін айтар болсақ,

 ресурстардың көп бөлігін шетелге шығаруға құрылған «сыртқа тасу» экономикалық моделінде ақша таусылуда

Бірақ дағдарысқа дейін қалған бөлігі шығындарды жабуға жетіп тұрған еді, бірақ қазір жағдай ушықты. Әрине, байлардан бірдеңе жинауға тырысуға болады. Бірақ бұл шетелге шығарылатын ақшаның ағымын көбейтеді. Біраз уақыт қандай да бір әсері болса да, айтарлықтай нәтиже бермейді, — деп қорытындылады Своик.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз