Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыдан 100 тонна қолдан жасалған дәрі-дәрмек табылды

190
Дереккөзі: sacdokulmesi.com.tr

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады. Цех прокурорлар мен экономикалық тергеу қызметі тергеушілерінің бірлескен операциясы барысында анықталды.

«23 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәрілік препараттарға арналған орама материалын дайындайтын баспахана, заңсыз дайындалған өнімдерді сақтайтын қойма, сондай-ақ жасырын цех анықталды. «Ротоцеф», «Солкасерил», «Регидрон оптим», «Кальций Д3 никомед», «Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидин» және т.б. сауда атауларымен сатуға жоспарланған 100 тоннадан астам оралған күмәнді дәрілік препараттар тәркіленді», — делінген хабарламада.

Осы препараттардың шығу тегін анықтайтын сараптамалар тағайындалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз