Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Кім алғашқылардың бірі болып вакцинадан миллиардтаған пайда көреді: жаһандық экономиканың көшбасшылары

288
Дереккөзі: ZN.ua

Қазіргі уақытта бірінші болу құқығы үшін тиімді және қауіпсіз вакцина дайындаймыз деген 197 үміткер өзара тайталасып жатыр. Ковид-19 вакцинасын ресми түрде өндіру дүниежүзілік игілік деп жарияланды. Алайда, іс жүзінде осы игіліктің маңайындағы жаһандық жарыс геосаяси қақтығыстарға алып келуде.

Соңғы жаңалықтар

Алғашқы екі үміткер басқаларға қарағанда бірінші болып үш сынақ кезеңінен өтті, бұл Оксфорд университеті мен Қытайдың вакцинасы. Екеуі де қауіпсіз көрінеді және иммундық реакциялар тудырады. Бұлай айтуымызға Lancet-те жарияланған алдын-ала нәтижелер себеп болды.

Американдық биотехнологиялық фирма Moderna-ның вакцинасы бастапқы тиімді нәтижеден кейін сынақтың үшінші кезеңіне өтті.

Ресей жақында клиникалық сынақты аяқтап, айдың соңына дейін үшінші кезеңге кірісетінін жариялады.

Қазіргі уақытта кем дегенде тағы 16 вакцинаның клиникалық сынақтары аяқталуда

Австралия, Франция, Германия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ және Қытайда.

Кейбір елдер түрлі вакциналарға тәжірибе жасап, оның бесеуі сынақтың екінші кезеңінде тәжірибеден өтуде.

Вакциналар қашан дайын болады

Сарапшылардың айтуынша, үш ай бұрынғы жағдаймен салыстырғанда вакцина жасаудың болашағы  күмән туғызбайды.

«Әрине,

біз бірден бірнеше вакцина аламыз», — деді Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау профессоры Барри Блум

Алайда, ол сынақтың үшінші кезеңі қанша уақытқа созылатыны анық емес екенін атап өтті. Алғашқы вакцинаны мақұлдау мерзіміне қатысты Блум:

«2021 жылдың қаңтар айы деген мерзім шындыққа жақынырақ».

The Lancet бас редакторы Ричард Хортон болжам жасауға асықпайды:

«Егер вакцина 2021 жылдың соңына қарай болса да бұл өте жақсы нәтиже».

Пенсильвания Университетінің медициналық этика және денсаулық сақтау саласындағы саясат кафедрасының меңгерушісі Зик Эмануэль оптимистік көзқараста.

«Геномды алғаннан кейін жеті айдан кейін үшінші кезеңдегі төрт вакцинаның теңдесі болмайды. Егер алты-сегіз айдан кейін лицензия алсақ, бұл әлемдік тарихта бұрын соңды болмаған оқиға болады».

Алдағы уақытта кедергі болар проблемалар

Зик Эмануэль

вакцинаны мақұлдау әлемді бірден коронавирустан құтқара алмайды

деп атап өтті. Оған келесідей дәлелдерді келтірді:

  • Бүкіл әлем бойынша вакцина өндірісін ұйымдастыру, тарату және жеткізу қиындықтары (әсіресе екі дозада талап етілген Оксфорд вакцинасын).
  • Тіпті бір елге вакцинаны тарату қуаттарды, материалдарды (мысалы, шыны құтылар), қызметкерлер мен хаттамаларды бұрын-соңды болмаған деңгейде ұлғайтуды қажет етеді.
  • Бүкіл әлем бойынша вакцинацияға қарсы адамдардың  күрт өскенін ескерсек, жеке елде вакцинацияға ерікті түрде келіскен халықтың саны вирусты жоюға жеткіліксіз болуы мүмкін.

Ұлттық банктің трансферттері ел ішіндегі БЖЗҚ инвестициялайтын барлық салаға зиян келтірді — экономист

Жаһандық көрініс бұдан да нашар. Бірнеше елдер мен фармацевтикалық компаниялар «әділ және тең» тарату міндеттемесіне қол қойды, бірақ…

«Теория жүзінде  егде жастағы, яғни осал адам, мысалы, Уганда, Құрама Штаттардағы жас сау адамнан бұрын вакцина алу керек. Бірақ іс жүзінде қалай болады, болжау қиын», — деді Ричард Хортон.

Сондай-ақ

«Көптеген ел жеңіліс табуы мүмкін деген қауіп бар. Тек ең мықты және ақшасы көп елдер ғана жеңеді» деп атап өтті.

Өз кезегінде, Блум қуатты мемлекеттер нашар дамыған елдердегі халықтың денсаулығына зиян келтіре отырып, вакцина қорын жинай бастауы мүмкін деген пікір білдірді.

«…бұл жаһандық алаңдаушылықтың себебі болуы керек, себебі мұндай әрекеттер жаһандық масқараға айналады…»

Әркім өзі үшін

Мамандардың бұлай деуіне негіз бар. Дамыған елдердің үкіметтері бүгінде алдымен өз халқына басым көңіл бөледі.

Осылайша, Трамп әкімшілігі үш жетекші вакцина кандидаттарын әзірлеуге және өндіруге кемінде 3,5 млрд доллар салып, егер олар қауіпсіз және тиімді болса, жүздеген миллион дозаны аламыз деп уәде етті. Ал

АҚШ президенті америкалық вакцина американдықтар үшін деген пікірді үнемі айтады

Оксфорд вакцинасы қазір жарыстың ең ықтимал жеңімпазы болғанымен, Ұлыбритания тәуекелге баруды жөн көрмеді. Ол үшін ел неміс және француз компаниялары әзірлеген вакцинаның 90 млн дозасын сатып алады.

  • Ұлыбритания мен АҚШ оксфорд вакцинасының үлкен партиясына алдын ала тапсырыс берді. Бірақ әзірлеуші 1 млрд доза Үндістанда өндіріледі және негізінен табысы төмен және орташа елдерде таратылады деп мәлімдеді.
  • ДДҰ мен ЕО бүкіл әлемде вакцинаның таратылуына негіз жасауға тырысады. Алайда АҚШ шартқа қатысудан бас тартты, ал кейбір еуропалық елдер жауап беруге асығар емес.

Вакцина сыртқы саясаттың құралы ретінде

Тарихтағы ең ірі вакцинация жобасын басқару жаһандық ынтымақтастықты талап ететіні сөзсіз. Ең алдымен күшті державалар  бір келісімге келуі керек. Алайда, олардың өзара бір-біріне сенім білдірмей отыр.

  • АҚШ, Ұлыбритания және Канаданың мәлімдеуінше, ресейлік әскери барлаумен байланысты хакерлер вакциналарды ұрлауға тырысты.
  • АҚШ Қытайды американдық зерттеулерді ұрлады деп айыптады.
  • Өкілдер палатасындағы республикалықтардың көшбасшы Кевин Маккарти шетелдік хакерлер вакцина саласындағы американдық зерттеулерді ұрлауға тырысса, кез келген аумақта қудалауды заңдастыратын заң жобасын ұсынды.

Мұндай мәлімдемелер сарапшыларды алаңдатып отыр. Олар

вакциналармен жұмыс істеу ұлттық мақтаныш, әсіресе геосаясат шеңберінен тыс болуы тиіс екеніне сенімді

«Вакциналар сансыз өмірді сақтап, экономиканы қалпына келтіруге ықпал етеді. Бірақ тағы бір маңызды нәрсе бар, бұл саясаткерлердің  ерік-жігерін танытуына берілген сирек мүмкіндік, ол мемлекеттің шет елдердегі әсерін нығайтуға көмектеседі.

Яғни, күшті державалар қазір барлық мемлекеттің вакцина алатынына және өздерін қорғай алатынына кепілдік беруі тиіс. Кім мұны бірінші болып жасайды, ол постковидтік әлемдегі ең үлкен держава болады», — деп түйіндеді Эмануэль.

Басқаша айтқанда, көшбасшылық үшін жаңа жаһандық жарыс басталды, бірақ ол алғашқы вакцинаны бекіткеннен кейін аяқталмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз