Қазақстан мен Қытай қытайлық жүк тасымалдау автокөліктерінің Қазақстанға кіруіне шектеу қою туралы келісімге келді.
Келіссөз қорытындысы бойынша шектеулер енгізілген кезеңде Қытайға жіберілетін қазақстандық жүктерді қытайлық көөліктермен, тиісінше Қытайдан келген жүктерді отандық жүк көліктерімен тасымалдау туралы шешім қабылданды. Жүктерді қайта тиеу шекарадағы көлік-логистикалық орталықтарда жүргізілетін болады.
Шара «Нұрлы жол» шекаралық өткізу бекетіндегі кептеліс мәселесін шешеді. Комитет көптеген қазақстандық алысқа қатынайтын жүргізушілер Қытайға жүксіз бос барып, сол жерде тасымалдау туралы келісім жасаймыз деп үміттенетінін айтты.