Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына 500-ге жуық маска таратты.
Талдықорғанда жол бойы мен қоғамдық орындарда полиция қызметкерлері медициналық маскалар таратуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин енгізілген кезеңде қалалық полициясы департаменті санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Карантин кезінде кейбір азаматтар, өкінішке орай, жеке қорғанудың қарапайым әдістерін ұстамайды және қоғамдық орындарда, көшеде серуендеу кезінде, медициналық бетперделерді кимейді, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Әркімнің қауіп-қатердің әлі сейілмегенін және қорғану құралдарының инфекцияның таралуын азайтуға септігін тигізетінін түсінуі маңызды. Қандай да бір себептермен медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға инспекторлар бұл атрибутты кию қажеттігін еске сала отырып, оларды ұсынады. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде, – дейді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.
Бір күн ішінде полицейлер қала тұрғындарына 500-ге жуық медициналық бетпердені табыстады.