Арменияда республиканың қарулы күштерінің бөлімшелері Тавуш облысындағы шекаралас ауылдарға оқ атқан Әзірбайжанның тірек пунктерін жойып жатқан сәтінің видеосын жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, демалыс күні,12 шілдеде армян-әзірбайжан шекарасында ұрыс басталды. Елдер бір-бірін қасақана арандатты және елді мекендерге оқ атты деп айыптауда. Әзірбайжан тарапы төрт әскери қызметкерінің қаза болғанын, Армения екі адамның жарақат алғанын хабарлады.