Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Атырау облысы COVID-19 жұқтырғандардың саны бойынша бірінші орынға шықты

144
Сурет: polese.by

8 шілденің қорытындысы бойынша  тағы 1 962 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл абсолютті тәуліктік рекорд. Алдыңғы рекорд 23 маусым күні тіркелд – 1 630 оқиға анықталды (оның ішінде 534-і ғана ресми статистикаға кірді, қалған науқастанғандар симптомсыз тасымалдаушы болып танылғандықтан сол кездегі жалпы мәліметтерге енгізілмеді). Соңғы күндері Атырау облысында аса қиын жағдай орын алды. Сонымен,

шілде айының басында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 133 адамды құрады. Ағымдағы айдың сегіз күнінде олардың саны 2 681 адамға артты

Осылайша, өсім аптасына 65%-ды құрады.

8 шілдеде өңірде 658 жаңа жағдай тіркелді. Бұған дейін  бір де бір облыста немесе республикалық маңызы бар қалада бір күннің ішінде осыншама науқас анықталған жоқ. Сонымен қатар, көптеген аймақтарда тіпті ауру жұқтырғандар саны көбірек тіркелген аптада да  жұқтырғандардың саны аз болды.

Қолдан жасалғандай болып көрінген дәрі тапшылығы халықты ашындырды— әлеуметтанушы

Нәтижесінде: Атырау облысы – анықталған жағдайлар саны бойынша абсолютті көшбасшы. Қазір олардың жалпы саны 6 814. Яғни  бұл уақытта дейін коронавирус жұқтырған әрбір сегізінші адамның бірі осы аймақтың тұрғыны.

Вирус жұқтырғандарға қарағанда, ауырып жазылғандар көп

COVID-19 жағдайы бойынша деректерді жариялау ережелеріне енгізілген кезекті өзгеріс республикада ресми түрде ауырып жазылған адамдар санының екі есеге ұлғаюына себеп болды.

8 шілде күнгі жағдай бойынша республикада 16 928 адам осындай жағдайда болды. Алайда, бұл жерге  амбулаторлық емді есепке алмағанда, стационарда емделгендер ғана қосылғаны белгілі болды. Ал 3 маусым мен 8 шілде аралығында тағы  17 221 адам қосылды. Нәтижесінде: ауырып жазылғандардың ресми саны 34 мың адамнан асып түсті.

Амбулаториялық жолмен ауырып жазылған әрбір алтыншы адам Атырау облысының тұрғыны. Өңірде бұндай 3 030 адам бар.  Ең төменгі көрсеткіш Павлодар (299) және Түркістан (342) облыстарында.

8 шілдеде ауырып жазылғандар саны 988 адамды құрады – бұл да жаңа рекорд

Алайда, олардың қаншасы амбулаторлық, ал қаншасы стационарлық емделгені белгісіз. Ақмола облысындағы ауруханалар пациенттерді жаппай шығаруда (бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында байқалған). Сонымен,

  • 18 маусым мен 6 шілде аралығында мұнда тәулігіне орташа есеппен 8,4 адам жазылды. Ал 19 күннің 11-інде ешбір адам жазылып шыққан жоқ.  Барлығы  330 адамды емделді;
  • 7 шілдеде өңірде ауырып жазылғандердің саны 256 адамға артты;
  • 8 шілдеде -тағы 407. Республиканың бірде-бір өңірінде бір  тәуліктің ішінде осынша адам шығарылған жоқ.

Нәтижесінде Ақмола облысында бірегей жағдай қалыптасты – мұнда аурудан айыққан адамдар саны вирус жұқтырғандарға қарағанда көбірек: тиісінше 1 646 адам (амбулаторлық) мен 1 547 адам (симптомсыздарды қосқанда).

Дегенмен, соңғы күндері ресми статистика тосын сыйға толы болды. Ақтөбе облысын да мысалға келтіруге болады:

  • 4 шілдеде коронавирустың 25 симптомсыз тасымалдаушылары анықталды
  • 5 шілде – қайтадан 25
  • 6 шілде – тағы 25
  • 7 шілде көрсеткіш өзгерді – 24
  • 8 шілде ол аздап өсті – 27

Бірде-бір өңірде осындай тұрақтылық болмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз