Кюсю атты Жапония аралындағы нөсерден ең аз дегенде 49 адам қаза болды, ал тағы 11-і ізім-қайым жоғалып кетті…



Нөсердің кесірінен Кума өзені дамбылардың бірін бұзып, арнасынан шығып кетті.

Қаза болған 49 адамның 14-і дамбы жарылғаннан кейін су басқан Сендзюэн қарттар үйінің тұрғындары.

Өзеннің жағасында орналасқан алты мыңға жуық үй судың астында қалды. 11 көпір қирады.


Кагосима аралының орталық қаласында 100-ге жуық эвакуациялық орталық ашылды.
