Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Шымкентте карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

205
Сурет: «Деловая столица»

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz  тілшісі. Қаулыға сәйкес, Шымкентте

  • мектепке дейінгі ұйымдар; мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары
    барлық спорт объектілері (фитнес-орталықтар, тренажер залдары, бассейндер).
  • Ұлттық құрама командаларды Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиадалық ойындарға дайындау үшін ҰОК-та аккредиттелген спорт базаларын қоспағанда
  • сұлулық салоны, шаштараз, маникюр кабинеттері
  • компьютерлік, бильярд, букмекерлік клубтары
  • монша, спа-салондар, массаж кабинеттері, сауна
  • балмұздақ және фаст-фуд сататын дүңгіршектер
  • өзіне-өзі қызмет көрсететін орынждарды қоспағанда, автожуу орындары
  • кинотеатрлар, түнгі клубтар, балалар ойын алаңдары, батуттар, жәрмеңкелер, СОО жанындағы фуд-корттар
  • жазғы алаңдарды немесе жеткізу режимінде жұмыс істейтіндерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері
  • Діни нысандар, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер жұмыс істемейді.

Автосалондар, азық-түліктік емес сауда объектілері, СОСО, СО және т.б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, шеберханалар, ательелер жұмыс күндері сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істейтін болады, демалыс күндері жұмыс істемейді.

Барлық базар, азық-түлік және азық-түліктік емес, көтерме сауда жұмыс күндері сағат 6.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі, жексенбіде жұмыс істемейді.

Жазғы алаңдар жұмыс күндері ғана сағат 9-дан 21-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жеке тұрған супермаркеттер, гипермаркеттер, шағын дүкендер мен үй жанындағы дүкендерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері-сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Көпшілік жиналатын орындарға, соның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, балалар және спорт алаңдарына, алаңдарға баруға тыйым салынады.

Қалыпты режимде ЖМС, ЖМС жанындағы дүкендер, ТҚС, шиномонтаждау, өзіне-өзі қызмет көрсету жуу орындары жұмыс істейді.

Қоғамдық көлік жұмыс күндері 7-ден 11-ге дейін және 17-ден 20-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері олардың жұмысы тоқтатылады.

Штатта 30 адамнан артық жұмыс істейтін компания және мемлекеттік орган қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз