Бағасы таңдандырады, бірақ бұл тек алдын-ала жасалған бағалау ғана. Үкімет азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) мақұлдаған ремдесивир препаратын пайдалануды шешсе, пациенттің өмірінің құны осынша болады.
Бұл коронавирустан қорғайтын панацея емес. Бірақ клиникалық сынақтар пациенттің тезірек емделіп шығуына көмектесетенін көрсетті.
Ауруханалардың жүктемелігін және медициналық ресурстардың жетіспеушілігін ескере отырып, АҚШ-та ғана емес, FDA препаратты шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді. Өндіруші, американдық Gilead Sciences компаниясы өз сайтында ашық хат жариялап, бағасын нақтылады.
АҚШ-тағы жеке медициналық сақтандыру компанияларының клиенттеріне бір бөтелке $520 тұрады. Ең төменгі емдеу курсы – бес күн және алты бөтелке. Яғни, бүкіл курс $3 120 тұрады. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы кейбір америкалықтар үшін құтының құны біршама арзан.
Басқа елдерге препараттың бір флаконы $390 немесе бес күндік курсы $2 340 сомаға айналады
Алайда, компания хабарламасында $390 бұл «дамыған» елдер үшін белгіленген баға деп көрсетілген. Компанияның бас директоры Даниэль О’Деяның сөзін ескерспек, дамушы елдер сатылатын бағасы бұдан арзан бола қоймас.
«Коронавирусқа қарсы күресте уақыт өте маңызды екенін түсіне отырып, біз барлық үкіметке бір бағаны белгілеп, жария етуді жөн көрдік. Бұл әр үкіметтің бізбен келіссөз жүргізіп, жеке шарт жасасуға уақыт жұмсамауы үшін жасалды», — деді ол.
Сондай-ақ,
препараттың еркін сатылымға түспейтінін атап өтті
Тек АҚШ ауруханалары мен басқа ел үкіметтеріне ғана жеткізіледі.
Препараттың жария етілген құнынына қатысты түрлі пікірлер айтылды, әсіресе Америка халқының пікірі екіге жарылды.
Кейбір құқық қорғау ұйымдары мен Конгресс мүшелері компания америкалықтарды ел үшін қиын уақытта ашық пайдаланды деді. Мәселен, Өкілдер палатасының мүшесі Ллойд Доггетт бағасы тым қымбат деген пікір білдірді.
«Салық төлеушілер 99 миллион доллар инвестиция салмаса бұл препарат ешқашан пайда болмайтын еді, — деді ол NPR-ге берген сұхбатында. — Сондықтан салық төлеуші тәуекелге барып, инвестиция салды, ендігі жерде сыйақы алуға құқылы. Кем дегенде дәрі-дәрмектің құны барлық америкалықтарға қолжетімді болуы керек».
Public Citizen атты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың коммерциялық емес тобы Ллойдпен келіседі.
«Бұл қоғамға құрмет білдірмеу мен оның талап-тілектерін елемеудің айқын көрінісі. Gilead қоғамдық құндылық болуы тиіс дәрі-дәрмекке бірнеше мың доллар болатын баға белгіледі», — деп мәлімдеді Азаматтарға дәрі-дәрмекке қол жеткізу бағдарламасының директоры Питер Майбардук.
Gilead тоқсан сайын тапсыратын қаржылық есебінде
ремдесивирге салынған инвестиция «тек жылдың соңында ғана 1 млн долларға жетуі мүмкін»
Ал ол ақшаның басым бөлігі өндірістік қуатты арттыруға пайдалануда.
Осы есепке сілтеме жасай отырып, SVB Leerink инвестициялық банкінің аналитигі Джеффри Поргес, препараттың жарияланған бағасы «өте әділ» белгіленген деп мәлімдеді.
«Бұл препараттың бағасы ол үнемдейтін медициналық шығындардан төмен», — деді Поргес CNN-ге берген сұхабатында.
Оның пікірінше, егер COVID-19 бар пациент жағдайының тым нашарлап, қарқынды терапия жүргізудің алдын алса, ремдесивир бір адамға кететін шығыннан 40 мың долларға дейін үнемдеуі мүмкін. Gilead бағасына қосылмаған тағы бір үлкен құндылық бар, дейді ол.
«Мемлекет науқастың басқа адамдарға вирус жұқтыру қаупін төмендетіп, оны қоғамға және жұмысқа тезірек қайтара алады. Бұл өте үлкен пайда, — деді Поргес. — Осы әлеуметтік пайданың барлығы бұл бағаның ішінде ескерілмеген».
Клиникалық және экономикалық зерттеулер институтының (ICER) президенті Стивен Пирсон Gilead «ұстамдылық» көрсетіп, «жауапты» бағаны белгіледі.
Дегенмен, ICER президенті Стивен Пирсон: ол «жауапты баға» туралы айтқанда, препарат ақырында пациенттердің өміршеңдігін жақсартатынын меңзедім деді. Бұл мәселеге әлі де клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Егер өміршеңдікті жақсартатыны расталмаса, бағасы арзандау болуы керек
Көптеген сарапшылар
Компания басшылығы қазір жарнамалап жатқандай ремдесивирдің ұзақ уақыт бойы тиімді болмауы мүмкін екенінен қорыққандықтан жоғары баға белгіледі дейді.
ICER бағалауы бойынша, егер соңғы есептерді есепке алсақ, басқа дәрі-дәрмек, дексаметазон да COVID-19 болатын өлім-жітім көрсеткішін азайтады. Демек, ол да емдеу стандартының бір бөлігі болуы мүмкін. Қазір оның бағасы Gilead-қа қарағанда бірнеше есе төмен.
Бұдан басқа, бүкіл әлем бойынша көптеген биотехнологиялық компаниялардың препараттары мақұлдаудың алдында тұр.
«Gilead мұндай бағаны белгілеу арқылы мүмкіндігінше тезірек инвестиция алуға тырысып отыр. Бірақ негізгі қауіп басқада.
Баға прецеденті құрылды, басқа компаниялар халықтың коронавирус алдында қорқынышын пайдаланып, мүмкіндігінше көбірек пайдаға кенелуге тырысуда.
Яғни, біз препарат тиімді болған сайын оның бағасының қымбат болатынын көре аламыз. Қазір емдеу курсы ары дегенде 3 мың доллар болады десек, кейін бұл ең төменгі баға болып қалуы мүмкін», — Вандербильт Университетінің Медицина мектебінде Денсаулық сақтау саясатының профессоры Стейси Дюсетзина Vox-ке берген сұхбатында.