Киевте KyivPride ЛГБТ-қауымдастығынң белсенділері дронның көмегімен «Отан ана» монументіне түрлі-түсті ту ілді. Олар ескерткіш барлығының тең екендігін білдіреді деп атап өтіп, «ЛГБТ+-тің ұлы туын» Киевтің әр жеріне ілуге уәде берді.
Белсенділер ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен түрлі-түсті жалауды 16 метрлік семсерге іліп жатқан сәтінің видеосын Facebok желісіне жүктеді. Украиндық сегменттегі Желі қолданушылары бұл жаңалықты наразылықпен қабылдады.