Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

АҚШ-та өткен жаппай наразылық акциясынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны артты ма?

520
Сурет: glas.ru

Мәселен полиция Джордж Флойдты өлтіргеннен кейін мыңдаған адам наразылық акциясына шыққан Миннесотада дәрігерлер 11 мыңнан астам адамды тексерді, деп хабарлайды РБК The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап. Олардың арасында жұқтырғандардың пайызы 1%-дан аз екені анықталды.

Нью-Йоркте наразылық акциясы өткеннен кейін алынған жаппай тестілеу вирус жұқтырғандардың 3%-дан төмен екенін анықтады. Сонымен қатар қала ауруханаларына жатқызылғандардың саны азаюда. Алайда, Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио бұл үрдіс уақытша болуы мүмкін, ал жаппай наразылық акцияларының ауруға әсері туралы  келесі аптада ғана нақты айтуға болады деп ескертті.

Наразылық білдірушілер қаланың орталық бөлігін бақылауға алған Чикаго мен Сиэтлде де коронавирустың өршуі тіркелмеген.

Мамандарға сілтеме жасай отырып WSJ -дің хабарлауынша,  аурулардың санының артпауын бірнеше фактормен түсіндіруге болады. Біріншіден, коронавирустың инкубациялық мерзімі 14 күнге дейін жететінін ескере отырып, індет жұқтырғандардың саны арпауы туралы айту әлі ерте.

Екіншіден, наразылыққа қатысушылардың көбі — жастар, олар инфекцияны симптомсыз тасымалдап, дәрігерлерге жүгінбеуі мүмкін. Үшіншіден, наразылық акциялары  ашық кеңістіктерде өткендіктен, жұқтыру мүмкіндігі жоғары емес. Сондай-ақ, көптеген бүлікшілер полицияның жас ағызатын газды қолдануынан қорқып, маска тағып жүрді. Белсенділерге қолғаптармен және антисептиктермен қамтамасыз еткен еріктілер де көмектесті.

Құрама Штаттар жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында. Пандемия басталғаннан бері елде 2,18 млн адам вирус жұқтырды. 118 мыңнан астам адам қайтыс болды, күн сайын 20 мыңға жуық жаңа жұқтыру жағдайлары анықталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз