Танымал отандық әнші жалпыхалықтық «Біз біргеміз» акциясына белсенді қатысқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатын алды.
«Әлемді шарпыған короновирус індетімен күресу мақсатында еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосқан үлесіміз бағаланып Елбасы алғыс хатымен марапатталдым!
Алғыс хатты «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек ағамыз арнайы табыстады!», — деп жазды Қайрат Нұртас.