Қарағанды облысының медициналық ұйымдары мен мекемелерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, скринингтер, медициналық тексеру және флюорографиялық зерттеулер жүргізу тоқтатылды.
«Инфаркт, инсульт пен басқа да жарақаттарға тоқтау бола алмаймыз. Оңалту және емдеу шаралары қажет, олай болмаған жағдайда емдеу нәтижесі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін», —
деген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Нұрлыбаевтың сөзін zakon.kz келтіреді.
Емханаларда жыл сайынғы диспансерлеуге байланысты шектеулер енгізіледі. Егде жастағы науқастардың дәрі-дәрмектері үйге жеткізіледі немесе емханалардың «таза аймақтары» арқылы туыстарына берілетін болады.
Азаматтарға қандайда бір мазалаған сұрақтар бойынша өздеріне керекті емдеу ұйымдарына хабарласып, анықтама алу ұсынылды.