Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жаңа карантин, бұрынғы ережелер — дәрігерлер гигиенаны сақтау қажеттілігі туралы айтуда

243

Дегенмен, коронавирусқа қарсы вакцина әлі дайын емес, ал әлеуметтік қауіпсіздік шараларын сақтау және жеке гигиена азаматтар үшін тексерілген шаралар болып қала береді. Қазақстандықтар бұған дейін үй карантинде отырып,  алғашқы тәжірибеден өтті. Талаптар қарапайым және кез келген уақытта қолданылып, тіпті «бейбіт» кезде де қалыпты әдетке айналуы керек.

Атап айтқанда,

қолыңызды сабынмен тек көшеден кейін ғана емес,  күн бойы жуу керегін естен шығармаған жөн

Әсіресе әрбір түшкіру мен жөтелден кейін.

Тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуып,  спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Бір рет қолданылатын майлықтарды пайдаланыңыз.

Үйді сумен жуып шығып, ауасын тазартып отырған жөн

Үйден аса қажеттіліксіз шығуға болмайды.

Қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетке жабысып тұратын бетперде кию.

Естеріңізге сала кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

сіздің ата-аналарыңыз, яғни 65 жастан асқан адамдар және 5 жасқа дейінгі балалар коронавирус инфекциясының асқыну қаупі жоғары аймағында

Сонымен қатар, жүкті әйелдер, сондай-ақ иммунитеті әлсіреген немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар да осы қатарға жатады.

Сондықтан жақындарыңызды сақтаңыз. Осы қарапайым талаптарды сақтамаған жағдайда, карантинде уақытыңызды стационарда өткізуге тура келеді.

Дене қызуы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласып, жедел жәрдем шақыру қажет.

АМСК маманы әрбір жағдайда жеке және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің эпидемиологымен келісіп, емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдай алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз